Отандық кәсіпкерлікті дамытпай өркендей алмаймыз /Мақсат Жақау, «Ақ жол» ҚДП төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы – Казак yнi (Алматы)

» Баспасөз жарияланымдар » Отандық кәсіпкерлікті дамытпай өркендей алмаймыз /Мақсат Жақау, «Ақ жол» ҚДП төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы - Казак yнi (Алматы)

18.11.2014, 00:00

Соңғы жылдары белгілі кәсіпкерлікті бастауға бел буғандар үшін барынша оңтайлы жағдайлар туғызатын – баға, салықтық немесе несиелік мүмкіндіктер жан-жақты қарастырыла бастағаны мәлім. Сол секілді елдің экономикалық сауатын арттыратын бағыттар күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарынан орын алуда.
Алғашқы кәсіпкерлікке талпыну көбінесе ел ішінде – ауылдарда, аудан орталықтарында, облыстарда бөлей алғандықтан жергілікті кәсіпкерлікті қолдайтын облыстық палаталардың ашылуы үрдіске енген жәйт. Мұндағы мақсат – кәсіптің түрлі формаларына ақыл-кеңестік, құқықтық қызметтер мен әкімшіліктік кедергілерде тиісті іс-қимылдар келісімдерін бекіту.
Елбасы белгілегендей, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік ұғымы кең көлемдегі кешенді мәселе. Бүл орайда, кәсіпкерлік мәнін өте тар ұғымда қабылдамай, қоғам алдындағы ауқымды жауапкершілікті сезінуге жіті көңіл бөлінеді. Яғни, жергілікті инфрақұрылымды, құрылысты, әлеуметтік нысандарды, қызметтерді, экологияны, жергілікті даму ошақтарын бірлесе жандандыру сияқты бағыттарға баса назар аударылады, Бюрократиялық кедергілерді мейлінше азайтуға ден қойылады. Салық мөлшеріне қатысты жеңілдіктерге жол ашыл, жергілікті даму бағдарламаларында кәсіпкерліктің үлесін жоғарылатуға, сондай-ақ, жергілікті сапа бәсекелестігін арттыруға күш салынады.
Кәсіпкерлік мұраты — табыс әкелу, оның аясын мүмкіндігінше кеңейту, кең дамуға құлаш ұру екені аян.
Соңғысы мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асырыла қоймайды, себебі мұнда заңнамалық мүмкіндіктер мен әкімшіліктік ықпалдар басым тұрады.
Көпшілігіміздің кәсіп ашуға біреуге қаржылай тәуелді болудан қашқандықтан баратынымыз да түсінікті. Және бизнестің жас талғай бермейтіні белгілі.
Дегенмен, кейінгі кезде «Жастар туралы заңға» жас кәсіпкерлік ұғымын енгізу ұсыныстарымен шектеліп келе жатқаны жасырын емес. Бұған себеп те жоқ емес, кәсіпкерлік барлық тәуекелшілдік қасиетімен көбіне 21-22 жастан бастау алып жатады, Және бүл іске осынау жаста диплом алған ақпараттық-технологиялық не арнайы техникалық маманданған түлектер кірісуде. Содан барып 16-29 жас аралығын қамтыған аталмыш заңдағы жас шамасы кәсіпкерлік саласындағы жастарға кейбір жеңілдіктерді қарастыратын арнайы әлеуметтік топ санатымен сәйкестендіру орын алған.
Бүгінгі жағдайда кәсіпкерліктің бағын жандырудағы әрекеттерді заңнамалық тұрғыда іздеу, ұсыныстар жасауда кешенді бағыттар жүйеленуде.
«Жастар туралы Заңда» жалпы кәсіпкерліктің басты мәселелерін шешудегі кешенділікті тежейтін жағдайлар да жоқ емес.
Қазір әлеуметтік желілерде жас мамандар осы бағыттағы тақырыптарды қызу талқылауда. Табыс табу, жақсы өмірге ұмтылу өте құптарлық іс. Тек бір белгілі нәрсе – тәуекелге бел буып, кәсіпкерлікті бастаған адам түрлі қиындықтарға, сәтсіздіктерге кезігетінін де жіті сезінуі тиіс деп білеміз. Бұл ретте, сол ауыртпалықтардың алдын алу маңыздырақ шығар. Банкротқа, қарызға, өндірістік шығынға, бәсекелестікке шыдамау, әкімшіліктік кедергілер, банктік несиелердің қыспағы т.с.с. жағдайларды ескермеу – буыны қатпаған кәсіп иесін діттеген мақсатынан тайдырады, бетін қайтарып, көңілін қалдырады.
Бірақ, кәсіпкер осы тәуекелдерден өтіп, қайта түлеуге бет алса, ол жалпы кәсіпкерліктің табиғатын түсіне бастайтыны анық. Аяғына нық тұрған аға буын кәсіпкерлер де осыны жиі айтады.
Әрбір елдің даму ерекшелігі өз жолымен айқындалмақшы. Біздегі отандық кәсіпкерліктің негізі қаланды, оның арнайы саяси тобы да, кәсіби заңнамалық ұйымдары да қалыптасқан. Келесі мінбер – отандық сапаның бәсекелестігі мен дамуына қолайлы заңнамалық-әкімшіліктік жағдайларды орнату. Бұл бағытта да күтілетін жетістіктер мемлекет пен бизнестің дұрыс қарым-қатынастарының арқасында болмақ. Отандық бизнестің даму жолдарының бірі – ортақ ниетте жататындығын ұмытпауымыз керек.
 
Дерекнама – Казак yнi (Алматы), № 44-45 (653), 12.11.2014