«Ақ жол»: Өзбекстанмен сауда қарым-қатынастарын тепе-теңдік негізде, соның ішінде бұл мемлекетке қазақстандық экспортты шектеу бойынша қадамдарға орай айна-қатесіз шараларын қолдану жолымен, құру қажет

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол»: Өзбекстанмен сауда қарым-қатынастарын тепе-теңдік негізде, соның ішінде бұл мемлекетке қазақстандық экспортты шектеу бойынша қадамдарға орай айна-қатесіз шараларын қолдану жолымен, құру қажет

22.10.2014, 00:00

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке 
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! 
Сыртқы сауданың маңызды қағидасы ұлттық экономикалық мүдделерді көздеу болып табылатыны, ол теңқұқылы және әділ бәсекелестікпен қамтамасыз етілетіні белгілі.
Біздің ел үшін табиғи және коммерциялық тартымды бағыттардың бірі Өзбекстанмен өзара сауданы дамыту болып табылады, мұндағы қазақстандық тауарларға импорттық қажетсіну миллиардтаған АҚШ долларымен бағаланады.
Сонымен бірге, 1997 жылдың 2 маусымындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еркін сауда жасау туралы Келісіміне қарамастан, ал келісімге сәйкес кедендік баж салығы, салықтар және алымдар, сондай-ақ тауарлардың экспортына немесе импортына өзге де шектеулер қолдануға  болмайды, Өзбекстан жағынан қазақстандық өнімнің импортын шектеу бойынша белсенді саясат жүргізілуде.
Мәселен, Қазақстаннан әкелінетін тауарлардың барлық түрлеріне Өзбек тарапы акциздер енгізген, бұл бастапқы кезден бастап қазақстандық және өзбекстандық тауар өндірушілерге тең емес шарттар жасайды. Оның үстіне Өзбекстан тарапынан акциздік жинақ жыл сайын тұрақты көтерілуде.
Бұл шаралар халықаралық тәжірибеге қайшы келеді, өйткені акциздік жинаулар көбіне көлеңкелі нарықта белсенді айналымдағы тауарларға қатысты немесе қоғамдық қаупі бар  алкоголь мен темекі сияқты тауарларға енгізіледі. 
Дегенмен, 2011 жылдан бастап қазақстандық тауарларды Өзбекстанға экспорттау кезінде көрші елмен келесі акциздер өндіріліп алынуда:
– өсімдік майына және шыныпластикалық еңбектерге – 10%;
– 15% – ұнға,
– 50% пайыздан – кондитерлік өнімдерге, шұжық пен ет өнімдеріне, жиһаз бен  тоқымаға;
– 60% – теледидарларға;
– 70% бойынша – сүт өнімдері, шырын және жұмыртқаға,
– 100% – алкогольсіз сусындарға,
– 200% – балмұздаққа және т.б. 
Жағдай 2013 ж. Өзбекстанмен тұтынушылық бағыттағы тағы да 45 атауға қосымша акциздер  енгізген кезде мүлдем ушықты. Олардың тізімі ашық қолжетімділікте жоқ, алайда әртүрлі ақпарат көздерінен ол өзіне трикотаждық өнімдерді, картоп, тұрмыстық химия заттарын, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды, өсімдік майын, макарон және басқа да тауарларды қосатыны белгілі болды. Аталған тауарларға деген акциздің мөлшерлемесі Өзбекстанның кедендік шекарасын өткен кезде 30 пайызға дейінді құрайды.
Қалыптасқан жағдай 1997 жылдың 2 маусымындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еркін сауда туралы Келісімде қарастырылған шарттарды тікелей бұзады.
Оның үстіне, бұл бұзушылықтар біржақты сипатқа ие, себебі біздің еліміз бұрынғыша өз аумағында өзбек тауарларының импорты үшін ешқандай кедергілер келтірмейді, ешқандай акциздер немесе қосымша салықтар алуға тырысып та отырған жоқ. Қазақстанға белсенді түрде өзбекстандық жинаудан өткен жеңіл авто көліктер, ауыл шаруашылық өнімдері мен басқа да тауарлар әкелініп сатылып жатыр, ал қазақстандық бизнеске өзбек нарығына өтуге есік барған сайын жабылып жатыр.
Алайда, осы «кеңпейілдік»  нәтижесінде отандық тауар өндірушілер тікелей зиян шегуде. Тауарлардың барлық тізімі бойынша жыл сайын біздің экспорттың осы дос мемлекетке жеткізілуі қысқартылуда. Сөйтіп, 2011 – 2013 жылдары  Өзбекстанда едәуір көп сұранысқа ие қазастандық тауар – ұнның экспорты 13%-ға төмендеді.
Басқа позициялар бойынша жағдай бұдан да нашар.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы Өзбекстан Республикасымен екіжақты  сауда-экономикалық байланысты дамытудың маңыздылығын тани отырып, сонымен бірге оны тепе-теңдік негізде, соның ішінде бұл мемлекетке қазақстандық экспортты шектеу бойынша қадамдарға орай айна-қатесіз шараларын қолдану жолымен, құру қажет деп есептейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, құрметті Кәрім Қажымқанұлы «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы өзбекстандық тараппен келіссөздер жүргізу жолымен не Өзбекстаннан жіберілетін тауарларға қатысты Қазақстанмен де жауап беру шараларын қабылдау арқылы жоғарыда келтірілген кедергілерді жою мүмкіндіктері туралы хабарлауыңызды сұрайды. 
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
 
 Жариялаған депутат Жазылбеков Нурлан                                        238-ДС жауап