ҚДП-ның Қарағанды облыстық партия ұйымы «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы бойынша партия ішілік дауыс беруге қатысы

» Санат жоқ » ҚДП-ның Қарағанды облыстық партия ұйымы «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы бойынша партия ішілік дауыс беруге қатысы

04.12.2014, 10:20

2014 жылдың 4 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында «Ақ жол» ҚДП-ның Қарағанды олблыстық филиалында партиялық конференция болып – ҚДП-ның Қарағанды облыстық партия ұйымы «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы бойынша партия ішілік дауыс беруге қатысы.
Конференцияға 100 делегат cайланған болатын, олардың 97 қатысты.
Оның жұмысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Е.С.Никитинская және «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы А.К.Сұлтанов қатысты.
Конференцияны алғы сөзбен А.К.Сұлтанов ашты. Күн тәртібі мен регламент бекітілді.

Е.С.Никитинскаяның cөзі Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауының негізгі қағидаларына арналды. Ол «барлық әлемнің экономикасына теріс әсер етіп отырған,  белгілі сыртқы факторлар мен оқиғаларға қарамастан, Қазақстанда экономикалық өсу байқалады және сондықтан да біз экономикалық дағдарысты ойдағыдай еңсереміз деген сенімділік бар». Аталған мәселені талқылауда делегаттар Ш.Әбілдин, Ж.Т.Алдоңғаров, А.Ыбышев және басқалар сөйледі. Олар Мемлекет басшысының жолдауын толық қолдайтындықтарын және алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
«Ақ жол» ҚДП-ның облыстық филиалының атқарылған жұмыстары туралы ақпаратпен Марат Беркалиев сөйледі. Ол филиал жұмысының кейбір шешуші сәттері мен аспектілеріне тоқталды. Соның ішінде өзекті мәселе ретінде ол жергілікті «Орталық Қазақстан» мен «Индустриальная Караганда» газеттерінде біздің жарияланымдарымыздың жоқтығын атады.
М.Б.Берқалиев Балқаш қаласында өкілдік құру туралы мәселе өзекті болып қала беретінін атап өтті.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі партияның жаңа саяси бағдарламасы бойынша жасырын дауыс беруді өткізу туралы А.К.Сұлтанов айтып берді. Талқылау қызу жүрді.
Х.ғ.д., профессор – делегат М.А.Әбдіхалықов партияның әлеуметтік тірегі болып табылатын санатының қатарына ғалымдарды да қосу керектігін айтты.

Еуразиялық кәсіпкерлер ассоциациясыныңтөрағасы, Ж.Т.Алдоңғаров Еуразиялық экономикалық одақтың жағдайында егемендікті және елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында тек экономикалық тілде ғана диалог жүргізу керектігін айтты.
ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, делегат Мәлік Серханды қазақ тілінің төмендеп бара жатқан ахуалына алаңдаушылық білдірді. Оның осы мәселе бойынша дайындалған арнайы баяндамасы партияның Орталық аппаратына жіберілген.
Сонымен қатар делегаттар К. М.Кәрімова, К.К.Ділдәбеков, А.Қияшев, Б.Икишев, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы А.Халенов және басқалар сөз сөйледі.
Жарыссөздердің соңында жасырын дауыс беру рәсімі өткізілді.
Жасырын дауыс беру нәтижелері туралы есептік комиссияның төрағасы М.Төлегенов мәлім етті,  дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жасалды.
Конференция барысында ҚДП-ның үш жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс етілді.