Меруерт Қазбекова Көкшетау қаласында қоғамдық қабылдау өткізді

» Санат жоқ » Меруерт Қазбекова Көкшетау қаласында қоғамдық қабылдау өткізді

10.02.2014, 00:00

10 ақпан 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

8 ақпанда «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова жеке мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында аймақ тұрғындары  әлеуметтік және тұрғын үй  мәселелерінің шешілуіне көмектесу, сондай-ақ зейнетақы, жергілікті тамақ өндірушілерді қолдау, мемлекеттік сатып алу, бизнесті дамыту, оның ішінде тамақ өнімдері бағасы мен тұрғын үй қызмет ақыларының көтерілу  мәселелерін көтерді.

 Барлық сұрақтарға толық жауап беріліп, кейбір өтініштер Парламент қабырғасында  талқылану үшін жазбаша түрде қабылданды.