«Ақжол»: Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды жолға қоюымыз керек – Казак yнi (Алматы)

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақжол»: Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды жолға қоюымыз керек - Казак yнi (Алматы)

05.12.2014, 00:00

«Ақжол» мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс орнының стандартын жасауды жеделдетуді талап етеді. Бүл туралы жуырда Мәжілістің пленарлық отырысында Меруерт Қазыбекова мәлімдеді.
ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовке жолданған бұл депутаттық сауалда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру проблемасы сөз болады.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әртүрлі құжаттармен мүгедектер үшін жеке кәсіпорындарда жұмыс орындарының міндетті түрде бөлінуі қаралуда. Мемлекет басшысының жарлығымен 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы бойынша да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбек қызметіне Тарту қажеттілігін атап өтілгендігі айтылған сауалда. – Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясының ұсынысымен Заң жобасы жасалып, енгізілген болатын, онда мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорындарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша нормаларды бекіту ұсынылған болатын.
Алайда, 2014 жылдың 28 ақпанындағы ВАК отырысында уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүл заң жобасына қарсы шықты, себебі анықталып отырғандай, елімізде бүгінге дейін мүгедектің жұмыс орнының стандарты бекітілмеген, және бұл мәселенің шешімі тек 2016 жылы ғана болады деп күтілуде».
Сонда, осы жылдар бойы, жеке кәсіпкерлерден мүгедектерді жұмысқа қабылдауды талап ете отырып, мемлекеттік органдар, біріншіден, бұл талаптарды сәйкес нормалармен қамтамасыз етпеген, екіншіден, жиырма жылдан артық уақыт бойы осы стандарттарды жасауға қолдары тимеген және үшіншіден, олардың қажеттілігін
мүмкіндігі шектеулілерді тек қана жекеге емес, және мемлекеттік секторға да жұмысқа орналастыру мәселесі қойылған кезде ғана еске алған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» күші жойылған Заңмен де 1990 жылдан бастап мүгедектерді жұмысқа орналастыру кепілдіктері бекітіліп жатты. Кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы әлеуметтік жұмыс орындарының ең аз санын құру жөнінде міндетті талаптар қойылған. Ал 2001 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің жұмыспен қамтылуын келесі жолмен қамтамасыз етуі тиіс болатын:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
2) мүгедектер үшін жеке кәсіпкерліктің шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын жасау.
«Осылайша, кәсіпорындар, ұйымдар, және басқа бизнес-құрылымдары 1990 жылдардан бастап мүгедектердің жұмыспен қамтылуын міндеттеген кезде, қосарлы стандарттарды қолдану орын алған, ал мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда тиісті заң базасы негізінің жоқтығы сылтауымен аталған мәселе ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырылып келген» – деп санайды «Ақ жол».
Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттары мүгедектердің жұмыс орнының стандарттарын жасауда, оларды мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері үшін жеделдетуді талап етеді.
«Ақ жол» КДП Парламенттік фракциясы партияның сайлау-алды тұғырнамасын іске асыру бойынша және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жұмысын
 
Дерекнама – Казак yнi (Алматы), № 47 (655), 25.11.2014