10
Желтоқсан

Санат жоқ 10.12.2014

«Ақ жол» ҚДП-ның Павлодар облысытық филиалы партияның жаңа саяси жобасы бойынша партия ішілік дауыс беруге қатысты

2014 жылдың 8 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның Павлодар облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП-ның Павлодар облысытық филиалы партияның жаңа саяси жобасы бойынша партия ішілік дауыс беруге қатысты – ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында партия конференциясы болып өтті.
Конференция жұмысына Орталық кеңестің ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс бойынша хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов қатысты.
Конференцияға қатысушылардың алдында ҚДП-ның облыстық филиалының төрағасы Ербол Арынов сөз сөйледі. Өзінің сөзінде ол партия бағдарламасының негізгі қағидаттарына және филиалдың атқарған жұмыстарына тоқталды. Делегаттар партияның бағдарламасын талқылауға белсенді ат салысты және филиалдың жұмысына оң баға берді. Талқылауға В.Деймунд, Е.Рүстемов, Тұрсымбаевтар және басқалар қатысты.
Сөз сөйлегендер парламент фракциясының ШОБ мүдделерін қорғау бойынша тиімді жұмыс жасап жатқанын атап өтті.
Бағдарлама жобасын талқылаудан соң негізгі қағидаттар және бағдарлама жобасы бойынша тұтастай толық жасырын дауыс беру жолымен референдум ұйымдастырылды.
«Ақ жол» ҚДП-ның жаңа саяси бағдарламасы жобасын айқын басым дауыспен «Ақ жол» ҚДП-ның Павлодар облыстық партия ұйымымен  мақұлданды.
Конференция барысында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс етілді.