«Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы бекітілді – Казак yнi (Алматы)

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы бекітілді - Казак yнi (Алматы)

30.12.2014, 00:00

Өңірлік партиялық конференциялардың жасырын дауыс беруінің негізінде «Ақжол» ҚДП Орталық кеңесінің Пленумы партияның жаңа саяси бағдарламасын бекітті. Қазақстанда бірінші рет партияның саяси бағдарламасы партияішілік плебисцит негізінде қабылданды.
Еске сала кетсек, Парияның ОК Президиумының тапсырмасы бойынша Б.Нұрмұхамедов жетекшілік еткен жұмыс тобы тарапынан дайындалған партияның жаңа саяси бағдарламасының жобасы өткен жылдың желтоқсан айында Партияның XI съезінде мақұлданған болатын. Съезд шешімімен БАҚ-тағы жарияланымдар арқылы Партияның Орталық аппаратында және партияның барлық өңірлік филиалдарында бағдарламаның жобасың кеңінен талқылау және өңірлерде тиісті сараптамалық кеңестер өткізу жоспарланған болатын. Сондай-ақ, бағдарлама жобасын пысықтау бойынша құрамында А.Перуашев, Қ.Иса, С.Байдалы, Е.Никитинская, Т.Нұғманов, Б.Нұрмұхамедов, А.Сүлтанов, А.Рупатова бар редакциялық комиссия құру тапсырылған болатын.
Съезд «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің кеңейтіл-ген отырысында партияның саяси бағдарламасын бекіту құқығымен өкілетті етті.
Жыл бойы Жоба өңірлерде кеңінен талқыланды. Қазақстандықтар арасында оның негізгі қағидаларын насихаттау, түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Ағымдағы жылдың 26 сәуіріндегі Орталық Кеңестің Қаулысымен партияның жаңа саяси бағдарламасын бекіту үшін жалпы партиялық плебисцит ұйымдастыру шешімі қабылданды. 2014 жылғы қазан айында ОК Президиумы дауыс беру реті мен бюллетень формасын бекітті.
2014 жылғы қараша айында барлық өңірлерде партиялық конференциялар өткізілді, оларда жоба бойынша тұтастай, сонымен қатар бағдарламаның кейбір ең резонансты қағидалары бойынша жасырын дауыс беру ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында өткізілген партияның Орталық кеңесінің кезекті пленумы дауыс беру қорытындыларын қарастырды – партияішілік плебисциттің қорытындыларын анықтау үшін орталық санақ комиссиясы сайланды.
«Облыстық және қалалық (Астана, Алматы) партиялық конференцияларда жасырын дауыс беру формасындағы жалпы партиялық плебисцит өз мерзімінде, Президиум бекіткен тәртіпте, делегаттардың өкілділігі нормасының сақталуы негізінде өткізілді. Санақ комиссиясы түскен мәліметтерді тексерді. Өңірлік конференциялардың барлық 16 хаттамалары тиісті түрде рәсімделген, 2287 бюллетень жарамды деп табылды.
Жасырын дауыс беру тұтастай жоба бойынша және бағдарламаның кейбір ең резонансты қағидалары негізінде ұйымдастырылды.
Партияның ОК пленумы дауыс беру қорытындысы бойынша партияның санақ комиссиясының есебін бекітті. Сондай-ақ, съезд шешіміне сәйкес «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы қабылданды.

Дерекнама – Казак yнi (Алматы), № 52 (660), 26.12.2014