30
Желтоқсан

«Ақжол»: Жас маманмен екіжылдық келісімшарт - бизнестің талабы - Казак yнi (Алматы)

«Ақ жол» ҚДП Жастар туралы заңдағы жас маманмен екіжылдық келісімшарт — бизнестің талабы деп біледі. Бүл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында депутат Алмас Тұртаев мәлімдеді. Өз сөзінде ол мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасына қолдау білдіріп, «Ақ жол» фракциясының ұстанымын жариялады.
Бүл заң жобасымен жұмыс барысында Еңбек кодексіне өзгерістер және толықтырулар енгізілді. «Ақ жол» депутаттары Жүмысшы тобының қарауына 50-ден астам ұсыныстар енгізді, олардың басым бөлігі қолдау тапты.
Өзінің сөзінде А.Тұртаев жұмысқа бірінші рет кіруші жас маманмен екіжылдық келісімшартқа отыруға қатысты Еңбек кодексіне толықтыруларға тоқталды. Депутат кейбір БАҚ бұл бапты бизнес үшін қатер ретінде көрсеткенін еске салды.
«Мұндай келісімшарт — жұмыс беруші үшін міндет емес, беріліп отырған мүмкіндік. Егер жұмысқа жауапсыз қарау орын алса, жас маманды жұмыс берушінің жұмыстан босату құқы сақталып отыр» — деп атап өтті А.Тұртаев.
Ол сондай-ақ «Ақ жол» фракциясының жағдайды нақты қадағалайтынын және тіпті бұл бап бойынша өзінің түзетуін енгізгенін айтты. «Бірақ та түзету қолданыстағы нормаларды қайталайтындықтан (лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе лайықсыз орындағаны үшін жауапкершілік Еңбек кодексінің 54 бабымен реттеледі)» біз оны алып тастадық. Жұмыс берушілер үшін қауіп жоқ деп санаймыз. Біздің фракция бұл заң жобасын қолдайды және әріптестерін де оны қолдауға шақырады» — деді Мәжілістің ең жас депутаты.
«Ақ жол» КДП парламенттік фракциясы өз сайлаушыларының мүдделері үшін заң шығарушылық жұмыстарын жалғастырады.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 52 (660), 26.12.2014