«Ақ жол» балалар автокреслолары туралы норманы қайта қарауды талап етеді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» балалар автокреслолары туралы норманы қайта қарауды талап етеді

15.01.2015, 10:52

 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке 
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! 

«Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы соңғы өзгерістерге, сондай-ақ ҚР Жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес 12 жасқа дейінгі  балаларды арнайы ұстап қалатын құрылғы немесе балаларды түймелейтін қауіпсіздік белбеуінсіз тасымалдауға тыйым салатын норма күшіне енгені белгілі.
Осы норманы қабылдаудың пайдасының басты дәлелі – балаларды автокөліктермен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі  болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты бойынша 2014 жылы Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен болған  жол көлік оқиғаларынан 89 бала қаза тауып, 1704- і әр түрлі деңгейлі ауырлықта зақымданды. 2015 жылдың қаңтар айының 7 күні ішінде 6 бала –жолаушылар қаза тапты, 17-сі жарақат алды.
Іс жүзінде бұл норма балалар автокреслоларын орнату талаптарын қоюға тірелді және ол үлкен қоғамдық резонанс туғызды.
Бүгінгі таңда, КазТАГ-тың  хабарлауы бойынша, Республикамызда 4,5 млн. автокөлік тіркелген. Егер де, әрбір төртінші  автоәуесқойдың 12 жасқа дейінгі баласы бар деп болжасақ, онда сатуда  бір мезетте 1 млн. автокреслоға  дейін болуы тиіс. Бұл мүмкін емес. Ал егер де жанұяда үш не одан да  көп бала болса?
Олар үшін бір жолғы шығындану тым қымбатқа соғады. Бұдан басқа, шағын немесе үнемді автокөліктерге  нақты алғанда да бірнеше балалар кресоларын орнату мүмкін емес.
Ақырында нарықта үлкен дүрлікпе шықты, себебі, автокреслоларға алыпсатарлық баға қалыптасты.
Осылайша, Заң мен Ереже талаптарын  дереу орындау мүмкін  болмай отыр, және де  жемқорлықтық құқық бұзушылықтың көбеюіне алғышарттар  жасалуда.
Балалары бар азаматтарды  тасымалдаудан  такси және бағыттас автокөліктер бас тартуда, не бірқатар жағдайларда таксилер парктері  жүру құнына балалар креслоларын орнатқаны үшін 200-300 теңге қосымшаны кіргізе бастады.
Аталған норма  ауыл тұрғындары үшін ерекше проблема  тудырып тұр, олар кез-келген кезде бағыттас автокөліктерді пайдаланып қала алмайды.
Бала жасын шектеу жайлы да сұрақтар баршылық. Мысалға, Бельгия мен Данияда балаларды ұстап қалатын құрылғыларды тек 3 жасқа дейінгі балалар, ал Жапонияда 6 жасқа дейінгі балалар ғана міндетті түрде пайдалануы тиіс. Финляндияда балаларға 3 жастан 12 жасқа дейін автокресло қолдану ұсынылған, бірақ ол міндетті түрде болып табылмайды.
Заң жобасын талқылау барысында, «Ақ жол»  фракциясының депутаттары, еуропалық тәжірибенің негізінде,  балаларға автокреслолар 7 жасқа дейін (12 жасқа дейін емес) қолдануды  үзілді-кесілді талап етті, бірақ ақыр аяғында ІІМ атынан заң жобасын әзірлеушінің  көзқарасы басым болды.
Жоғарыда айтылғандарды қарастыра отырып, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Ақ жол» КДП  депутаттық фракциясы мына мәселені қарауды өтінеді:
1. жоғарыда айтылған нормаларды және  автокөліктерді балалар креслоларымен жабдықтауды іске асыру үшін    12 айға өтпелі кезең беру туралы. Мысалға, 2006 жылы Ресейде  осындай норманы енгізу  бір жылға дейін кейінге қалдырылған.
2. 6 жасқа дейінгі балаларды автокреслолармен қамтамасыз етуді міндеттеп, белгіленген мерзім ішінде осы Заңның нормаларын қайта қарау, ал 6-12 жасқа дейінгі балаларға осы норманы ұсынбалы етіп жасау.
Мұнымен бірге, қолданыстағы ережелер бойынша жолаушылар кез келген жағдайда қауіпсіздік белбеулерімен түймеленуі тиіс екендігін ескеру қажет.  
 
«Ақ жол» фракциясының депутаттары                       7-ДС жауабы