«Ақ жол» партиясы есеп берді /Ұлдай Қабошқызы/ – Орал онiрi (Уральск)

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақ жол» партиясы есеп берді /Ұлдай Қабошқызы/ - Орал онiрi (Уральск)

09.12.2014, 00:00

Өткен апта соңында «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық конференциясы болды. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Президиумының мүшесі Бөріхан Нұрмұхамедов қатысты.
 
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен жиналғандарды құттықтаған «Ақжол» демократиялық партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Қайыржан Идиятов партияның 2012-2014 жылдары атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Күні бүгін облыстық партия құрамында 4929 адам бар, соның 1526-сы – қалалықтар. Баяндамашының айтуынша, партия идеологиялық, үгіт-насихат, саяси ағарту бағытында соңғы 3 жылда 8 қоғамдық-саяси шаралар өткізген. Қоғамдық қабылдауға 134 адам келген. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тұрмысы темен отбасы және балаларды емдету үшін 39 адамға қаржылай демеушілік көмек көрсетілген. Халықаралық әйелдер мерекесі, Наурыз, Қазақстан халықтары бірлігі, Жеңіс мейрамы, Саяси-қуғын сүргін құрбандары, Балаларды қорғау, Білім күндері акциялар өткізіп, спорттық шаралар мен экологиялық экспедициялар ұйымдастырды. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайларының оңды шешілуіне байланысты газ, жарық тарифтері, қаланың коммуналдық қызметі, жұмыс көзін табу, балаларды мектепке дейінгі мекемеге орналастыру сияқты кептеген игі істерге мұрындық болып, Тасқала ауданында балалар алаңын ашты.
– Мемлекеттің этносаясатын, ұлтаралық бірлік пен достықты нығайту мақсатында Қазақстан халықтары Ассамблеясы БҚО бөлімшесімен меморандумға қол қойған «Ақжол» партиясы сондай-ақ БҚО ішкі саясат басқармасымен, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-мен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр. Партия фракциясы еліміздің Парламент мәжілісінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Екі жыл ішінде Үкімет пен еліміздің мемлекеттік органдарына қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелер туралы 100 депутаттық сұраныс берілді. Соңғы жылдары партияға деген қызығушылық басым, үстіміздегі жылдың өзінде қатарымызға 370 адам қосылды,- деді Қайыржан Сұлтанұлы.
Бұдан соң «Ақжол» партиясы қатарынан облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған Ғабдрахим Жаңбырбаев Сырым, Теректі ауданы округінде атқарылып жатқан істер туралы айтты.
– Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында су тартылуда. Оған республикалық бюджеттен 60 миллион теңге бөлінді. Сырым мен Теректі аудандарында газ қазандығы орнатылып, электр желілері жаңартылды. Қ. Мырзалиеватын дағы мектептің 2 оқушысына жыл бойына материалдық көмек берілді. Сырым ауданының Тоғанас ауылына көгілдір отын жоспар бойынша 2017 жылы жетуге тиіс еді, оны 2015 жылы тартуға қол жеткіздім, – деді депутат.
Кәсіпкер О. Лазаренко, «Вайнах» шешен ұлттық орталығының басшысы Д. Саратов, ардагер М. Ғұбайдуллин, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті П. Добряев және К. Абсатиров сөз сөйледі. Конференцияда тілге тиек болған кәсіпкерлердің ұлттық палатасының жұмысына қатысты жер және оны арендаға беру, тұрғын үй, жұмыссыздық мәселесіне орай Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Ғұбашұлы жауап сез сөйлеп, айтылған мәселелер бойынша жұмыстанатындарын айтты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков Елбасы тапсырмалары туралы айта келе, «Ақжол» партиясының кәсіпкерлікті дамытуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударатынына тоқталды.
– Батыс Қазақстан облысы жолдарының 18 пайызына ғана тас төселген. Болашақта атқарылар іс көп. Облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына ҚР Парламенті тарапынан жақсы қолдау сезілуде, – деді ол.
Конференцияда «Ақжол» демократиялық партиясы БҚО филиалының жұмысына жақсы баға беріліп, бұл бағытта партия төрағасы Серік Мерғалиевтің, еңбегі атап өтілді. БҚМУ-дың доценті П. Добряев Серік Ролланұлының университетпен тығыз байланыста екендігін, оқу орнын бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыруда, демеушілік бағытта еңбек сіңіріп жүргенін айтты. «Ақжолдықтар» партияның облыстық төрағасына С. Мерғалиевті бірауыздан қайта сайлады.
– Партия филиалын басқару менің уақытым мен күшімді алып, материалдық шығындарға апарып отыр. Алайда менің жұмысымды бағалаған «ақжолдықтардың» сенімінен аттай алмаймын, – деді рақмет айтқан Серік Мерғалиев.
 
Дерекнама – Орал онiрi (Уральск), № 137 (20066), 04.12.2014