Азат Перуашев Еуропарламенттің депутаты, ЕО-тың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша делегациясының Басшысы Ивета Григулемен кездесті

» Санат жоқ » Азат Перуашев Еуропарламенттің депутаты, ЕО-тың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша делегациясының Басшысы Ивета Григулемен кездесті

27.01.2015, 10:53

 
2015 жылдың 27 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз – қызметі
2015 жылдың 22 қаңтарында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевпен Еуропалық Парламент депутаты, ЕО-тың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша делегациясының Басшысы Ивета Григулемен (Латвия) кездесу өтті.
Григуле ханым «Ақ жол партиясының қызметімен «Виенотиба» партиясынан Еуропарламент және Латвия Парламентінің депутаттары арқасында таныс, онымен «Ақ жол» партиясының серіктестік қарым-қатынасы орнатылған және табысты дамып келе жатыр. Партиялар арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге 2012 жылы мамыр айында Ригада қол қойылған болатын.
Кездесу барысында, мәселелердің кең спектрі талқыланды. Григуле ханым  Латвия, ЕО Кеңесінің төрағасы ретінде  2015 жылдың бірінші жартысында, посткеңестік мемлекеттермен «Шығыс серіктестігі» форматында дамуына ықпал етуіне ниетті екенін атап өтті, сондай-ақ қазақстандық көшбасшы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі мен бітімгерлік күш-жігерін жоғары бағалады.
Кездесу барысында, «Ақ жол»  еуропалық даму векторын  өзінің саяси бағдарламасының басымдылықтарының бірі ретінде қарастыратын ҚР-дағы жалғыз партия екенін атап өтті.