13
Ақпан

ХХI –ғасырдағы Алаштың Ақ жолы- тұсаукесер

18 желтосан 2014 жылы Абай атындағы кітапханада «ХХI –ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Бұл басылымға, 2013 жылы «Алаш» қозғалысының 96 жылдығына орай, «Ақ жол» партиясының ұйымдастыруымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен өткізілген «ХХI –ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауының қорытындысын шығаруға арналған ұлттық ғылыми практикалық конференциясында байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің баяндамалары және басқа да Алаш тақырыбына қатысты мәлметтер мен мақалалар енгізілген.



Кітапты құрастырушы «Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының идеология бөлімінің директоры, алаштанушы Айдын Рысбекұлы. Шара барысында Абайтанушы Т.Ибрагимов пен ғалым М.Мұхамадиев Алаш туралы, Алаштың қайраткерлері туралы өз ойларын ортаға салып, кітапхананың жас ақындары өздерінің жыр шашуын алаш қайраткерлеріне арнады. Тұсаукесерге қаланың зиялы қауымы, мәдени мекемелер, кітапханашылар қатысты.
 
Дерекнама – semeylib.kz