17
Ақпан

«Ақжол» партиясы ұсынысты қолдады - Алматы акшамы (Алматы)

 
Президенттік сайлауды кезектен тыс өткізу идеясы қазірдің өзінде қоғамда оң пікірлер туғызып жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада «Ақжол» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәлім етті, делінген ҚазАқпарат сайтында.
«Бүгін «Ақжол» партиясының президиумы өз жұмысын аяқтады. Кезекті отырыста бірқатар мәселелерді қарастырдық. Осы мәселелердің арасында өткен сенбідегі Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Үндеуін де талқыладық», — дейді А.Перуашев. Ол осы орайда ҚХА-ның бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізуге байланысты «Ақжол» демократиялық партиясының мәлімдемесін оқып берді.
Дерекнама - Алматы акшамы (Алматы), № 18 (5052), 17.02.2015