25
Ақпан

Санат жоқ 25.02.2015

«Ақ жол» партиясы бизнестің өкілі ретінде мемлекеттік шығындарды азайып жатқан кірістермен сәйкестікке келтіруді құптайды – Азат Перуашев

 
2015 жылдың 26 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Ақ жол» партиясы бизнестің өкілі ретінде мемлекеттік шығындарды азайып жатқан кірістермен сәйкестікке келтіруді құптайды – бұл жөнінде кеше Мәжілістің пленарлық отырысында 2015-2017 жылдарға республикалық бюджетке  түзетулер және қосымшалар жөнінде талқылауда сөз сөйлеу барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Былтырғы жылдың 19 қарашасында-ақ, 2015-2017 жылдарына арналған бюджеттің жобасын талқылау кезінде, «Ақ жол» фракциясы құжаттың тым оптимистік екенін атап өткен.
Біз болып жатқан үдерістің нақты бағасының қажеттілігі туралы айтқанбыз және ұсынғанбыз, дәйексөз келтіремін: «Макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуы бойынша өсіп келе жатқан тәуекелдіктерді есепке алатын шынайырақ сценарийді негізге алу қажет.
Мұндай тәсілдеме мемлекеттік шығындардың көлеміне және мемлекеттік инвестициялардың параметрлеріне сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік берер еді...
2015-2016 жылдарда тұрақтылықты бекіту 2017 жылы экономикалық өсудің үлгісіне оралуға мүмкіндік жасар еді» - дәйексөздің соңы.
Біз, сыртқы жағдаяттың әрі қарай  нашарлауы кезінде, бюджеттің төмендеуі жағына қайта нақтылау қажеттілігі туындайды деп болжағанбыз, - деп еске түсірді А.Перуашев. - Өкінішке орай, үш ай бұрын айтылған қауіптенуіміз расталды, және бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметпен дайындалған осындай түзетулерді қарастырып жатырмыз.
Сонымен қатар, оның пікірі бойынша, бюджетті нақтылау фактісінің өзі біріншіден – жағдайды парасаттылықпен бағалау және  шындықтың бетіне тіке қарауға дайындықты айғақтайды. Бүгін ұсынылған жоба 2015 жылы республикалық бюджет шығындарының көптеген категориясын қысқартуды, бірінші кезекте тиімділігі аз шығындарды жою есебінен қарастырылып отыр, оны демократиялық фракция тек  құптай алады.
Ол «Ақ жол» партиясына, бизнестің өкілі ретінде жобада ұсынылған, мемлекеттік шығындарды азайып жатқан кірістерге сәйкес келтіруге құрметпен қарамау мүмкін емес, - деп атап өтті.
«Кез келген отбасында, кез келген компанияда, кез келген мемлекетте тапқаныңнан көп жұмсау жағына жете ойластырылмаған ұмтылыс өте келеңсіз салдарларға жетелейді. Бүгін қарастырылатын бюджет жобасында  мұндай тәуекелділіктер едәуір деңгейде азаяды, - деп санайды «Ақ жолда».
Одан басқа, даму бағдарламалары бойынша шығындарды сақтап қалудағы қараша айындағы талпынысы, қазіргі түзетулерде  салынған мемлекеттің әлеуметтік шығындарын қамтамасыз ету де Үкіметтің бюджеттік саясатының әлеуметтік-бағдарланғандығын сипаттайды, ол  қазіргі оңай емес кезеңде тіпті де маңызы аз емес және  қоғаммен  лайықты бағалануы керек».
Бұған байланысты, «Ақ жол» партиясы республикалық бюджетке ұсынылған өзгертулер мен қосымшаларды және Үкіметпен ұсынылып жатқан мұнай және тау-кен шикізатының бағасының төмендеуіне негізделген, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі сценарийін қолдау мүмкін деп санайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлау алдындағы тұғырнаманы және өзінің сайлаушыларының мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.