24
Ақпан

Қажетсіз қағидалар жиынтығы кодекс болып жарытпайды - Казак унi (Алматы)

 
Азат Перуашев Кәсіпкерлік кодекс туралы жасалып жатқан жаңа жобаның қазіргі нұсқасын «Топ мысықтан жолбарыс шықпайды» деп бағалады
Кәсіпкерлік қай елде болмасын экономиканың негізі болып саналады. Сондықтан да болар «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлер мәселесін тұрақты көтеріп келеді. Мәжілістің Кәсіпкерлік кодекс жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Азат Перуашев бүл құжатты таныстырылым барысында қатаң сынға алды. Оқырмандарымызға оның сөзінің мәтінін ұсынып отырмыз.
Құрметті Зәуреш Хамитқызы (әділет вице-министрі Баймолдина) Кодекстің басты мақсаты мен міндеті оған неғұрлым көбірек қолданыстағы ең қажет деген заңдарды енгізу болатын. Қалай болғанда да мен осылай естідім және солай деп түсінемін. Енді, міне, 11-12 заң енгізіліпті, бірақ одан олар кодекс болмайды, мысықтар топтамасынан жолбарыс шықпайтыны тәрізді. Бізге кәсіпкерлік туралы жай ғана заңдар жиынтығы керек емес, олардың жүйелілігі, олардың бір тұғырнамаға топтастырылуы, қайшылықтардың болмауы, позитивті нығайтылғаны керек. Ал бұл айтылғандар жобада жоқ.
Ең алдымен, бұл құжатқа заңдар қандай қағидатты қолданып жинақталғаны түсініксіз. Егер де тек кәсіпкерлік жайлы айтылғандар болса, онда бұл тізім толық емес. Құжатты жасаушылардың өздері бұл тақырып бойынша 20-ға жуық заңдар кодекске кірмей қалғанын атап өтті, Мен тағы жүзін атай аламын. Онда неге бір заңдар енгізіліп, ал басқалары енбеген? Мысалы, біздің экономикамыздағы ірі компаниялардың қызметін, соның ішінде, шетелдік инвесторлардың қызметін реттеп отырған «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң не себепті енгізілмеген?
Керісінше, не үшін кодекске тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігіне, біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты «Техникалық реттеу туралы» заңын енгізіп және оны дербес заң ретінде жойып жіберуге жеткізген? Бүгіннің өзінде Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттік импорт тауарларының 70 пайызы тексеруден өтпейді, қауіпсіздік сапасы сертификатталмайды деп мәлімдеп отыр. Егер де кодексте бизнес үшін жағдайларды жеңілдету принципімен ғана жүрсек, онда біз адамдарымыздың, балаларды, қоса алғанда, не жеп, не ішіп және нені тұтынып жатқандары жайлы бақылаудан мүлдем бас тартатын боламыз. Бұл түбегейлі мәселе, мен «Нұр Отан» депутаттары Щегельскийді, Балиеваны, Сәрпековті қолдаймын және «Техникалық реттеу туралы» заңын бүл жерден алып тастап, жеке дербес заң ретінде қалдыру керек деп есептеймін.
Біздің әріптесіміз Қанаев көңіл аударғандай, «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңды да дәл осылай жасау қажет. Бұдан бұрынғы болған жағдайды еске сала кетейін. 2005 жылы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңды қабылдау кезінде, оған бизнесті тексерулер туралы тұтас бөлім кіргізілген. Алайда кейінірек, мемлекеттік бақылау туралы заңды қабылдаған кезде, кәсіпкерлік туралы заңның бұл бөлімін сонда аударды, жай ғана аудармай, бизнесті қолдау жөніндегі барлық нормаларды қоса алып тастады. Біздің, мемлекеттік бақылау тек бизнеспен емес, басқа да салалармен айналысуы керек деген қарсылықтарымызды ешкім тыңдаған да жоқ.
Енді мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңның мазмұнын кодекске аударып, ал заңның өзін жою ұсынылып отыр. Осылайша, бақылау тек жекеменшіктілерге ғана қатысты болып тұр. Ал мемлекеттік органдар, мектептер, ауруханалар, мемлекеттік қатысы бар кәсіпорындар ше? Шағын және орта бизнесте емес, дәп сол жерлерде бюджеттік қаржының жаппай ұрлануы орын алып жатыр емес пе?
Неге екені белгісіз, кодекстен кәсіпкерліктің елу пайыздан асатын «квазимемлекеттік сектор» деп аталып кеткен мемлекетке тиесілі кәсіпорындар шығып қалған. Бірақ бұл да, оның үстіне мемлекет есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлік емес пе? Олардың да қызметін реттеу керек.
Бұдан басқа да кемшін тұстар көп. Егер де кодекстің ең басты міндеті кәсіпкерлікті қолдау болса, онда неге кәсіпкерлердің құқықтарының кеңейтілгенін бұл құжаттан көрмей отырмыз? Мысалы, «Атамекенде» де, «Ақ жолда» да коп жылдар бойы кәсіпкердің адалдығына презумпция принципін енгізуді талап етті. Ол талап бойынша сотта, айыпты тура дәлелдейтін айғақтар болмаған жағдайда, күдіктер, қазіргі таңда салық, кеден және барлық өзге таластар бойынша болып жатқандай, Кәсіпкерге қарсы емес, кәсіпкерлер пайдасына шешілуі тиіс. Бұл өлшем бүкіл дүниежүзінде қолданып келе жатқан, кінәсіздіктің презумпциясы принципіне ұқсас болар еді. Неге екені белгісіз, өзге азаматтар үшін біз бұл заңды қолданамыз да, бизнеспен айналысқандарға келгенде мүлдем ұмытып кетеміз.
Әрі қарай Халықаралық тәжірибе көрсеткендей (АҚШ, Германия, Франция және басқалар), сондай кодекстерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру формаларына, олардың өзара және мемлекетпен қарым-қатынастарына баса көңіл бөлінеді. Ал біздің жағдайымызда, тіпті кәсіпорынның маңызды формасы болып табылатын акционерлік қоғам заңда көрсетілмеген. Кәсіпорындардың барлық тұрпаттарын құру тәртібі және қызметі, келісімшарт түрлері, оларды орындау тәртібі және т.б. мүлдем қарастырылмаған.
Заңды әзірлеушілер осы форматта құқықтың дуализм, яғни Кәсіпкерлік және Азаматтық кодекстер арасындағы әртекті түсінушілік проблемасын шеше алдық деп мәлімдейді. Азаматтық кодекс жеке тұлғалар қарым-қатынастарын қарастырады, ал Кәсіпкерлік кодекс — кәсіпкерлер қарым-қатынасын реттейді. Сонда, келісімшарттар да, олардың арасындағы өзара таластар да осында болу керек, бірақ өкінішке орай, мұндай бөлімдер жоқ. Аталмыш ж:6бадағы талдау мен бөлінулерде бизнестің барлық субъектілерінің 90 пайыздан астамын құрайтын жеке кәсіпкерлерді қайда жатқызу керек екені түсініксіз. Бұдан басқа да проблемалар бар.
Кәсіпкерлік кодексінің қажеттілігі туралы «Атамекен» 2010 жылдан бастап айтты, 2013 жылы оны әзірлеу туралы Мемлекет басшысының өзі тапсырма берген-ді. Әділет министрлігінде үлкен жұмыс атқарылды, бірнеше халықаралық конференциялар өткізілді, онда жетекші отандық цивилистер осындай құжатқа қарсы шықты, сондай-ақ мен де алдыңғы заң жобаларын екі мәрте сынға алғанмын. Өз басым бұрынғысынша кодекс керек деп санаймын, бірақ бүгінгі талқылау көрсеткендей, ол бойынша басты жұмыс әлі алда және ол біздің жұмыс тобымыздың көп күш жұмсауын талап етеді.
 
 Деркнама - Казак унi (Алматы), № 7 (666), 17.02.2015