Отандық өндірісті қолдау бойынша Президенттің тапсырмаларына заңдық пәрмен беру қажет – Азат Перуашев

» Санат жоқ » Отандық өндірісті қолдау бойынша Президенттің тапсырмаларына заңдық пәрмен беру қажет – Азат Перуашев

02.03.2015, 11:16

 
  2015 жылдың 2 наурызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Отандық өндірісті қолдау бойынша  Президенттің тапсырмаларына заңдық пәрмен беру қажет – бұл жөнінде 11 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің тапсырмаларын іске асыруға арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
          Президент Назарбаев отандық өндірушілерді қорғауға қатысты бірден үш тапсырма бергенін еске салайық:
          -«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында барлық мердігерлерге отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуды міндеттеу;
          -Қазақстандық қамту бойынша форумдарды жаңарту;
«Қазақстанда жасалған» акцияны іске қосу.   
«Мұның өте өзекті тапсырмалар екенін айта аламын. Дәл сол күні, Президенттің осы тапсырмаларынан екі сағаттан кейін «Ақ жол» партиясының Үкіметке Президенттің осы тапсырмаларына «Сатып алу туралы» заң жобасын әзірлеу арқылы заңдық пәрмен беру ұсынысымен депутаттық сауал жібергені кездейсоқтық емес»,- деп атап өтті А.Перуашев.
Ол 2013 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға түзетулер қабылданданғанын, олардың отандық тауарлар үшін бұрын болған преференцияларды жойып, біздің тауарларымызды ресейлік және беларустық тауарлармен теңестіргенін айтты.
Мәжілісте қаралған кезде бұл ереже «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен сынға ұшырады. Алайда, ұлттық бизнестің мүдделері қысымға алынғаны туралы дабылдарға жауабында  Қаржы министрлігі 2013 жылдың 4 желтоқсанындағы хатында «Ақ жол» депутаттарын қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындарының және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттейтін «Сатып алулар туралы» заң арқылы шешілетін болады деп хабардар етті.
Сонда «ақжолдықтар» бұл тәсілдемемен келісті, өйткені квазимемлекеттік сектордың нарық көлемі мемлекеттік нарықтан 5-7 есе асып түседі. Мысалы, 2012 жылы мемлекеттік сатып алу 1,5 трлн теңгені құрады, ал ұлттық компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы 8,4 млн теңгеден артық болды. 2013 жылы мемлекеттік сатып алулар 1 трлн-ды құрады, Самұрық-Қазына желісі және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары – 7,3 трлн.
Осындай қазақстандық заңмен жұмыс жүріп жатыр деген хабардың бізге 2013 жылдың 4 желтоқсанында жіберілген. Тағы жарты жылдан кейін – 2014 жылдың 24 маусымында құжаттың созылып кетуі туралы ҚДП депутаттарының сұрағына Бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік «Сатып алулар туралы» заң Мәжіліске 2014 жылдың күзінде енгізіледі деп сендірген.
2015 жылдың көктемінің тынысы сезілді, сатып алу туралы заңнан қазақстандық қамту туралы нормаларды алып тастағанына және отандық бизнесті «сатып алулар туралы» заң арқылы қорғауға уәде берілгелі бір жылдан асты. Мәжіліске сатып алулар туралы заңға кезекті түзетулер түсіп үлгерді, қаңтарда олардың таныстырылымы өтті.Ал бизнеске уәде етілген біздің өндірушілерді қолдайтын заң әлі пайда болған жоқ, және оның тағдыры туралы ештеңе де белгісіз
          Сонымен қатар,  жағдай тіптен шиеленісіп барады. Ресейлік рубльдің девальвациясының нәтижесінде, қазақстандық өндірушілер өздерінің  тұтыну нарығын шапшаңдықпен жоғалтып жатыр.
Олардың көпшілігі үшін ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларының үлкен нарығы  бұл жағдайларда өмір сүру үшін нақты тірек болатын еді. Бұл салада отандық бизнес үшін қорғау шараларын кіргізуді одан әрі созу, керісінше, қазақстандық кәсіпкерлерді өте қажетті қолдаудан айыратынына – «Ақ жол» көшбасшысы сенімді.
Азат Перуашев 11 ақпандағы фракция сауалынан дәйексөз келтірді:  «Бүгін, осыдан небәрі екі сағат бұрын, Үкімет отырысында Мемлекет басшысы ұлттық компанияларға теңгені қолдауды, кәсіпорындарға – жаңа өткізім нарықтарын іздеуді тапсырды,  ал барлық азаматтарды патриот болуға және қазақстандық өнімді сатып алуға шақырды.
Бұл міндеттерді орындаудың озық формасы квази-мемлекеттік сектордың сатып алуларына қазақстандық құрам туралы нормаларды заңнамамен енгізу  болар еді деп ойлаймыз».
Үкіметтің осы отырысының барысында вице-премьер Б.Сағынтаев ағымдағы жылы ұлттық компаниялар және  жүйеқұраушы кәсіпорындар отандық өндірушілермен 960 млрд. теңге сомасына меморандумдар жасағанын хабарлағаны рас. Оның сыртында, Алматы қаласының әкімдігі және «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы меморандумға тағы 100 млрд. теңге салынған.
Бұл, сөзсіз, маңызды және керек жұмыс, – деп атап өтті Перуашев –  Бірақ, әңгіме экономиканың аталған секторындағы сатып алулардың тек қана 12-15 пайызын құрайтын жалпы сомасы 1 трлн. 60 млрд. теңгеге жасалған меморандумдар туралы болып отырғанын ескеру қажет.
Сонымен бірге, ҮИИМДБ сәйкес, 2015 жылға қарай мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың, басқарушы ұлттық холдингтің, ұлттық холдингтердің және компаниялардың сатып алуларында қазақстандық құрамның үлесін – 60 пайызға дейін, ал жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларда 90 пайызға дейін жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылған.
Осылайша, меморандумдар сомасы көрсетілген міндеттемелерді жаппайды.
Бұдан басқа, депутат меморандум «де-юре» – міндетті құжат та емес, бұл тек ниеттілік хаттамасы  екенін де ескеру қажет, оның  іс жүзінде орындалуы, әдетте, мәлімделген цифрлардан елеулі түрде төмен болып жатады деген фактіге назарын аударды. Және меморандумдардың орындалмағаны үшін, заңды орындамағаннан ерекшелігі, тараптар ешқандай да жауапкершілік алмайды.
Сондықтан «Ақ  жолда», Президенттің қазақстандық құрам туралы  тапсырмаларына заңдық күш беру жүктелген міндеттерді іске асыруға  Үкіметке елеулі түрде жәрдемдесе алар еді деп санайды. Мұндай жергілікті тауарлар басымдығы туралы нормалар «Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерімен тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатып алу туралы» Ресей Заңымен және басқа КО елдерінде мемлекеттік кәсіпорындар үшін белгіленген болып тұр.