Азат Перуашевтың «Ақ жол» Демократиялық партиясының XII съезіндегі баяндамасы

» Санат жоқ » Азат Перуашевтың «Ақ жол» Демократиялық партиясының XII съезіндегі баяндамасы

12.03.2015, 13:40

А.Перуашев
 
 
Құрметті делегаттар!
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтетіні туралы баршаңызға белгілі. Оған қатысуға қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің келісімін  берді.
Келесі (2016) жылы президенттік те, парламенттік те сайлау өткізудің мерзімдері түйісіп тұрғаны туралы сарапшылар былтырдан бастап айта бастаған. Сонымен бірге, ҚР Конституциясының 41-інші бабының 3 тармағы бұл сайлауларды қатар өткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан мәселе тек қандай сайлау мезгілінен бұрын өтетінінде болды: президенттік пе, әлде парламенттік пе.
Сол себепті, кейбір БАҚ мезгілінен бұрын парламенттік сайлау нұсқасына  мән берген,  мұндай жарияланымдар әсіресе 2014 жылдың екінші жартысында көп болды.
Бұл пікірталастар Қазақстан халқы Ассамблеясын Президент сайлауы тақырыбын өлшеусіз аса маңызды көкейкесті мәселе етуге себеп болды.
***
 
Сайлауды әр түрлі кезеңде таза процедуралық қажеттілікпен  өткізуден тыс, президенттік науқанның басымдылығы басқа да  объективті себептермен  байланыстылықта қарастырылуы тиістігін айтуымыз керек.
 
Біріншіден,  бұл өткен жылдан бастап мұнай  және металлдарға бағаның сыни құлдырауы түріндегі қазақстандық экономика тап болып отырған сыртқы қауіп-қатерлер.
Мұның әсері біздің бизнесіміз үшін өте ауыр болып отыр, оның салдары  бизнестің ашықтан-ашық  абыржуына, нарықтарды жоғалтуға, девальвацияны  күтудің өсуіне және  банктерде теңгелік өтімділіктің қысқаруына әкелді.
Экономикаға жағымсыз сыртқы қысымды төмендетуге Президент  биылғы жылы  жол ашқан «Нұрлы жол» бағдарламасы ықпал етуі тиіс. Тұтастай алғанда, кез келген экономикаға және кез келген қоғамға  тұрақтылық және  болжамдылық керек.
 
Екіншіден,  сайлаумен кешігу экономикалық  тәуекелділіктерге  саяси дүдәмалдық та жүктелер еді. Ал бұл – кез келген мемлекет үшін жол беруге болмайтын жайт.
«Саяси дүдәмалдық» деп мен сайлау мерзімдерінің сәйкес келуінен тыс геосаясаттық  қатерлер факторларын да айтып тұрмын.
Ең алдымен, бұл –  сыртқы тұрақсыздықтардың: Таяу Шығыс,  Еуропа және Украина да кеңейе түсуі.
Қазақстан үшін екі ай бұрын Ауғаныстаннан халықаралық коалиция әскерінің шығарылуы  ерекше тәуекелдіктер тудырады. Бұл тура біздің шекарамызда бейбітшілікке және тыныштыққа төнген нақты қауіп-қатер.
Осыдан небәрі бір-екі жыл бұрын  лаңкестік (терроризм) төтенше сипатта, бірақ бәрібір де  жекеленген уақиғалар төңірегінде болған. Бірақ Сириядағы, Ливиядағы, Ирактағы азаматтық соғыстардың өршуіне, және  ИЛИМ сияқты құбылыстың  пайда болуына  байланысты – лаңкестік экстремистік квази-мемлекеттік  құрылымдардың мемлекеттік саясаты сипатына үміттене бастады.
Еуропадағы жуырдағы  сериялы лаңкестіктер;  барлық әлемдік державалардың көшбасшыларының, Қазақстан Президентін қоса алғанда, күш-жігер жұмсауына қарамастан, жалғасып жатқан Украинадағы туыстарын өлтіріп жатқан соғыс – мұның бәрі миллиондаған адамдарды өзінің болашағына және өздерінің балаларының болашағына алаңдауға, біз өмір сүріп жатқан әлемнің орнықсыздығын және осалдығын сезіндіруге мәжбүрлейді.
 Бұл жағдайларда осындай күмәндарды жоюдың жалғыз дұрыс пайымы біздің азаматтарға мемлекеттің оларды қорғауға және  елде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге қабілеттілігіне сенімділік беру бола алады.
Ал мұндай қорғаудың  жалғыз кепілдемесі Конституция бойынша да, және  өмірде де  Президент болып табылады.
 
 
 
***
 
Осылайша, мерзімнен бұрын сайлау туралы шешім – әлдебір тактикалық әдіс емес. Бұл төніп  келе жатқан қауіптердің стратегиялық алдын алу.
Сондықтан біздің партиямыздың президиумы Қазақстан халқы Ассамблеясының  бастамасын қолдады.
 
Осыдан «Ақ жол» партиясының осы президенттік сайлауға қатысуы туралы сұрақтар шыға бастайды.
Жағдайды нақты бағалай келе,  бірден өзімнің пікірімді білдіргім келеді: Қазақстанда, оның сыртында ұлтты ұйыстыра алатын, экономикаға  прогресивті міндеттер  қоя білетін және  мемлекеттік органдар жұмысына  ырғақ беретін  Нұрсұлтан Назарбаевқа теңесетін, саяси және мемлекеттік  тұлға жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның айналасындағы сыртқы қауіпсіздік аймағының конструкторы да  болды, бұл бір жағынан – елге өзекті әлеуметтік және  экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыруға  мүмкіндік берді; бірақ басқа жағынан – халықаралық аренада үздіксіз аса зор  күш-жігер жұмсауды талап етеді.
 
Егер бұл жағдайға  «Ақ жол» партиясы сүйенген құндылықтар және  басымдылықтармен келетін болсақ, онда, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерді қолдау және  өнімді экономиканың құрылуы үшін,   мемлекеттілікті нығайту және  ұлттық мүдделерді алға жылжыту үшін, кімнен болса да  көп жұмыс  істеді және сол істерді жалғастырып жатқанын атап өту керек.
 
Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі Тәуелсіздікті жариялағаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі  көпжылдық және  аса ауыр қызметі арналған.
Біреуге ұнай ма немесе ұнамай ма, бірақ Назарбаев өзіне ғана және осы шаққа ғана тиесілі емес. Ол бүкіл кеңестік және әлемдік кеңістік үшін – және биыл 550-жылдығы аталып өтетін осы жылы тойланатын, Қазақ хандығы сияқты біздің ата-бабаларымыздың көшпенді өркениетінің мұрагері қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушысы ретінде,  ғаламдық тарихи ауқымдағы тұлға. Нарықтық экономиканың атасы ретінде де, ядролық сынақты толық тоқтатқан алғашқы және әзірге жалғыз көшбасшы ретінде де осындай тұлға.
Миллиондаған қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің пайда болуына және қоғамдағы құрметіне Назарбаевтың мемлекеттік меншікті жекешелендіру, ұлттық валютаны енгізу, шетелдік инвестицияларды  тарту,  капиталдар және мүліктерге рақымшылық ету, шағын және орта бизнесті  тексеруге мораторий жариялау, «Атамекен» ұлттық палатасын құру және көптеген басқа  да реформаларына  борышты.
Бүгін, сыртқы күйзелістер жағдайында Ұлттық  қордан көп миллиардтаған көмек алып, біз бұл қордың Назарбаевпен оңай емес жағдайларда, мұнай кірістерін «тарату және бөлу»  кеңестеріне қарамастанқұрылғанын еске түсіре аламыз. Ал енді бұл ақшалар экономиканы бірінші ретте құтқарып отырған жоқ және тек бизнестің  өміршеңдігі үшін ғана емес, сондай-ақ  өнеркәсіптің инфрақұрылымның дамуы, кәсіпорындардың жетілдірілуі және өндірістің әртараптандырылуы үшін де тірек болып қызмет етуде.
  Мемлекет басшысы бизнеске де  маңызды дабыл (сигнал) берді: дамыңдар, бәсекелесіңдер, қажет емес шығындарды азайтыңдар, жергілікті құрамды ұлғайтыңдар, мұнай ақшаларына бағынышты болудан кетіңдер – сонда сыртқы соққылардан аз жоғалтатын боласыңдар.  Жағдайды пайдаланыңдар,  жаңа кәсіпорындарды тұрғызыңдар, өздеріңнің өндірістеріңді жаңартыңдар және жетілдіріңдер.
Және мұны ол үнемі жасап келеді. 2008 жылы да осылай болды,  онда бүкіл әлем  «Қорғана алатындар, қорғаныңдар» деп жүгіріп айғайлап жүрді, ал Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық индустрияландыру бағдарламасына жол ашты.
Бүгінде де осылай болып жатыр, Ресейдің соңынан айналадағы валюталар күйреп жатқанда – девальвация украиндық гривенді де, әзербайджандық манатты да, грузиндік лариді де  ойсыратты… – ал біздің көшбасшы «Нұрлы жол» бағдарламасында жаңа міндеттер қойып жатыр.
Міне бұл да, әлемдік деңгейдегі мемлекеттік менеджер ретіндегі Назарбаевтың кемеңгерлігін көрсетіп тұр.
  Біздің табалдырығымыздағы дағдарыстар мен дауылдар келеді және кетеді, ал халық, мемлекет, жаңартылған экономика – қалады.
 
***
 
 
  Құрметті әріптестер!
  «Ақ жол» партиясының  мемлекеттік органдардың қызметтеріндегі кемшіліктерге, жемқорлық фактілеріне, нақты шенеуліктердің әділетсіздігі мен  біліксіздіктеріне  сыни көзқарасы баршаға белгілі. Бұл  тәсілдеме кәсіпкерлікті қолдау және ұлттық мүдделерді алға жылжытумен қатар біздің принципті ұстанымымыз болды және солай қала береді.
Бұдан басқа, кез келген саяси партияның міндеті билік үшін күрес болып табылады.
Алайда, халықтың шынайы  қолдауына лайық болған және  бұл халықты тоталитарлық державаның ешкімге белгісіз провинциясынан    мықты экономикасы және  заманауи қоғамы бар тәуелсіз мемлекетке әкелген Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен сайлауға – бұл сайлауға  «күрес» терминін  қолдану мүмкін емес, өйткені бұл өзіңнің халқыңның қалауына  қарсы шығуды білдірер еді.
Мұндай күресті біз, «Ақ жол»  партиясы үміттенетін Қазақстанның саяси  өмірінде алатын   рөліне  лайықсыз деп санар едік.
 
Реалистер және прагматиктер партиясы ретінде, біз, кейбір партиялардың өздерінің үміткерлерін Елбасы тұлғасымен салыстыруға  тырысуының өзі  – Назарбаев тұлғасының  қазіргі Қазақстандағы рөлін және мәнін лайықсыз төмендету деп пайымдаймыз.
 Бұл мәселеде біз тіпті партиялық  пайымдардан  абстракциялануды мүмкін деп санаймыз, өйткені 2010 жылдың  10 маусымынан, «Ұлт көшбасшысы туралы» Заңын қабылдағаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының  ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан халқының, «Ақ жол» партиясы және басқа партиялардың мүшелерін қоса алғанда, де-факто және де-юре көшбасшысы болып табылады.
 
***
 
Сондай-ақ, бүгін өткен президиумның кеңейтілген отырысында біздің партиямыздың ұстанымын талқылау кезінде,  президентке бір тұлғаны екі реттен артық сайлауға тыйым салынғаны туралы Конституция талабына орын алған жағдай қайшы келмей ме деген сұрақ қойылғанын хабарлай аламын.
Осыған байланысты партияның заң қызметі, ҚР Конституциясының
42-інші бабының 5-інші тармағына сәйкес, мұндай шектеу Тұңғыш Президентке таралмайды деп түсіндірді.
 
 
АҚШ-ның  президенттік сайлауын бақылау тәжірибем бойынша, мұндай  ерекшелік тым әдеттегіден тыс болып табылмайды, керісінше бұл халықаралық тәжірибеге жатады деп қосып айта  аламын.
Мәселен, 1951 жылы қабылданған АҚШ-ның конституциясына  осыған ұқсас 22-ші түзету «осы түзетудің күші, оны қабылдаған сәтте Президент болып табылатын тұлғаға таралмайды» деп тікелей  көрсеткен.
Осылайша, қазақстандық заңнамада да, халықаралық құқықта да біздің қазіргі Президентке президенттік сайлауға қатысу үшін ешқандай құқықтық шектеулер жоқ.
***
 
Құрметті әріптестер!
Біз тарихи маңызы бар сәтте бас қосып отырмыз. Елбасымыз кеше ғана халықтың өтінішін қабылдап, президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға келісім берді.
Мен мемлекет басшысына барша ‘ақжолдықтар’ атынан, онын ішінде отандық кәсіпкерлер мен зиялылар атынан шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.
 
Біз миллиардтаған инвестициялар тарту, кәсіпорындарымызды заманауи құралдармен жабдықтау, қызметкерлерімізді шетелде оқыту, халықаралық нарыққа еркін шығу және басқа да көптеген мүмкіндіктерге ие болып отырмыз.
20 жыл бұрын бізде мұның бірде-бірі болған емес.
Бізге үлкен бизнеске жол ашқан – Нұрсұлтан Назарбаев. Ол бізді үйретті, көмектесті, бағыт берді және жаңа жеңістерге шабыттандырды.
Қазақстан бизнесінің тәуелсіздік жылдарындағы барлық табыстары – Елбасының қамқорлығының жемісі!
Көшбасшымыздың алдағы Қазақстан Президент сайлауына қатысатынына шын жүректен қуаныштымыз.
 
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Президиум сіздердің қарауыңызға бір ұсыныс енгізеді: 26 сәуірдегі президенттік сайлауда ‘Ақ жол’ демократиялық партиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсетсін.
 
Уважаемые делегаты съезда.
На основании вышеизложенного, Президиум выносит на ваше рассмотрение одно предложение: поддержать кандидатуру Нурсултана Абишевича Назарбаева на президентских выборах 26 апреля 2015 года.
 
 
Назарларыңыз үшін рахмет.