Шешімді толық қолдайды – Айкын (Алматы)

» Баспасөз жарияланымдар » Шешімді толық қолдайды - Айкын (Алматы)

27.02.2015, 00:00

 
Мәжiлiс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Елбасының Президент сайлауын өткiзу туралы шешіміне қатысты мәлiмдеме жасады.
«Мемлекет басшысы Президент сайлауын өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. «Ақ жол» партиясы бұл шешiмдi толық қолдайды. Әлемдiк экономикалық тұрақсыздық жағдайында бiзге барлық күш-жiгерiмiздi әлемдiк дағдарыстың ел экономикасына жағымсыз әсерiн еңсеруге жұмсау маңызды. Қалыптасқан қазіргі жағдайда Қазақстанда ең алдымен ұлттық мүдделерге бағытталған байыпты саясат жүргiзу қажет. Осы себептер бойынша бiздiң партиямыз ұлт Көшбасшысының Президент сай лауын өткiзу туралы шешiмiн толық қолдайды» деді ол Ор талық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
 
Дерекнама – Айкын (Алматы), № 38 (2670), 27.02.2015