«Ақжол» партиясы Елбасының Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды – www.inform.kz

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақжол» партиясы Елбасының Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды - www.inform.kz

03.03.2015, 00:00

 
«Ақжол» партиясы Ұлт көшбасшысының ҚР Президентінің сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев.
«Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайларында бізге барлық күш-жігерімізді әлемдік дағдарыстың ел экономикасына жағымсыз есерін еңсеруге шоғырландырып, жұмылуымыз маңызды. Қалыптасқан жағдайда Қазақстанға ең алдымен ұлттық мүдделерге бағытталған байыпты саясат жүргізу маңызды. Осы себептер бойынша, біздің партиямыз Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауды өткізу туралы шешімін толықтай қолдайды», – деді ол.
Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурыздан 24 сәуірге дейін жүргізіледі.
 
Дерекнама – www.inform.kz (Казахстан), 27.02.2015