«Ақ жол» партиясы ҚР Президенттігіне үміткер ұсынбайды – А. Перуашев – www.inform.kz

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақ жол» партиясы ҚР Президенттігіне үміткер ұсынбайды - А. Перуашев - www.inform.kz

13.03.2015, 00:00

 
«Ақ жол» партиясы Қазақстанда өтетін перзиденттік сайлауға үміткер ұсынбайды. Бұл туралы «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткізген XII съезі делегаттарының ұсынысын қарап, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін сайлауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаймыз», – деді Астанада партияның кезектен тыс съезінде қазақстандықтарға үндеуін оқыған А.Перуашев.
Ол кезектен тыс сайлау өткізу шешімі тактикалық тәсіл еместігін атап өтті. Бұл жан-жақты ықтимал қауіптің стратегиялық алдын алу үшін жасалынуда. «Сондықтан біздің партия президиумы Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қатысты Қазақстан халқының бастамасын қолдайды», – деп қосты А.Перуашев.
«Ахуалды шынайы бағалай отырып, өз ойымды бірде айтқым келеді. Қазақстанда және одан тысқары жерде де ұлтты дәл осындай деңгейде топтастыра алатын, экономикада прогрессивті міндеттер жүктей алатын және мемлекеттік органдар жұмысы қарқынына серпін беретін Нұрсұлтан Назарбаевпен тең келерлік саяси әрі мемлекеттік тұлға жоқ. Н.Назарбаев кәсіпкерлікті және өнімді экономика құру үшін, мемлекеттікті нығайту әрі Қазақстанның ұлттық мүдделерін алға бастыру үшін ешкім жасай алмайтын істерді жүзеге асырды және жалғастыру үстінде», – деді «Ақ жол» партиясының көшбасшысы.
Оның атап өтуінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігіміз жария еткен күннен бастап бүгінгі дейінгі Мемлекет басшысы ретіндегі көптеген жылғы қызметінің барлығы да дәл осы бағытта өрбіп келеді.
«Ол – барлық посткеңестік және әлемдік кеңістік үшін жаһандық тарихи ауқымдағы тұлға», – деді А.Перуашев.
Сонымен қатар, ол кейбір партиялардың кезектен тыс президенттік сайлауға өз кандидаттарын ұсынуы, кандидаттарын Елбасымен қатар қоюы қазіргі заманғы Қазақстандағы Назарбаев тұлғасын негізсіз төмендету саналатындығын баса айтты.
 
Дерекнама – www.inform.kz  (Казахстан), 12.03.2015