«Ақ жол» партиясы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын жай ғана қолдап қоймай, мейлінше қуаттайды

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын жай ғана қолдап қоймай, мейлінше қуаттайды

18.03.2015, 16:18

 
2015 жылдың 18 наурызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Ақ жол» партиясы  мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын жай ғана қолдап  қоймай,  мейлінше қуаттайды – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Аталған заң жобасын талқылай келе,  демократиялық фракцияның көшбасшысы, Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып әлемдік қоғамдастықпен нарықтық экономикасы бар мемлекет болып танылғанын атап өтті.
Алайда  қарқынды өсу кезеңінде (2008-2009ж.ж. дағдарысқа дейін), мемлекет экономикалық жобаларға белсенді кіре бастады, соның нәтижесінде  мемлекеттік қатысуы бар  кәсіпорындардың саны кейбір кезеңдерде жыл сайын 10%-ға  көбейді.
Бизнестегі мемлекеттік қатысудың беталысы объективті себептер бойынша әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінде күшейді, өйткені бұл кезде мемлекет  тұрақтылықтың тірегі және басты инвестор болып шықты.
Алайда бұл жағымсыз салдарларға да әкелді – осылайша, ұлттық кәсіпорындардың және квазимемлекеттік  құрылымдардың  үлесі елдің жалпы ішкі өнімінде   60-70%-ға дейін қисынсыз өсіп кетті, ол нарықтық экономиканың (негізін жеке бизнес құрайтын)  –  мемлекеттік-монополистік  экономикаға ауыстыру қауіпін туғызады.
 
Азат Перуашев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасына сілтеме жасады, оның таныстырылымы барысында Президент Н.Назарбаев мемлекеттік кәсіпорындардың  кең ауқымды жекешелендіруінің екінші  толқынын өткізу міндетін қойған.
Бұл қадамның мақсаты болып, «Ақ жол» демократиялық партия жетекшісінің пікірі бойынша, экономиканы «мемлекет меншілігіне алуға»  жол бермеу және  оны  нарықтық рельстерге қайтару болып табылады.
Алайда кәсіпорындарды жекешелендірудің  өзі жеткіліксіз болатын еді, өйткені мемлекеттік органдар олардың орнына жаңаларын құра алатын еді.
«Бұған байланысты, бір жыл бұрын – 2014 жылдың 2 сәуірінде , «Ақ жол»  партиясының фракциясы мемлекеттік қатысумен жаңа кәсіпорындарды құруға мораторий жариялап тыйым салуды енгізуді ұсынған депутаттық сауалмен шыққанын» – еске салды А.Перуашев. Сонда-ақ Үкімет бұл мәселені тиісті заң жобасында есепке алу мақсатқа сай деп жауап берді.
 
«Бүгін біз бұл заң жобасын қарастырып жатырмыз. Біздің әріптестерімізде оған нақты ескертпелері бар, оларды екінші оқылымға дейін есепке алу керек.
Бірақ қазірдің өзінде, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы Қазақстан экономикасын  дамытудың  нарықтық жолдарын сақтаудың маңызды факторы  ретінде бұл құжатты  принципті тұрғыдан қолдайтынын және құптайтынын мәлімдей аламын» – деп атап өтті ол.