«Ақ жол»: Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамаларын Парламенттің алдында әзірлеуі және қорғауы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне парламенттік бақылауды күшейтеді

» Санат жоқ » «Ақ жол»: Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамаларын Парламенттің алдында әзірлеуі және қорғауы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне парламенттік бақылауды күшейтеді

11.12.2013, 00:00

11 желтоқсан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Парламенттің алдында Үкіметтің бағдарламаларды орындауды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамаларын әзірлеу және қорғау институтын енгізу, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне парламенттік бақылауды күшейтеді – бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Екетерина Никитинская мәлімдеді.
Бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік қомақты қаражаттың жұмсалу мәселесіндегі ашықтықты қамтамасыз етудің қажеттілігі туралы  Премьер-Министр  С. Ахметовтің атына жолданған депутаттық сауалда баяндалды.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы 46, оның ішінде 7 –мемлекеттік және 41 – салалық бағдарламалар әрекет етуде. Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында оларды орындамаудың бірқатар көрсеткіштері бойынша біраз деректер бар, оның себебі – оларды іске асыруды бағалаудың  жүйелі тәсілдемесінің жоқтығы болып табылады.  Бағдарламаларды орындау барысы жауапты мемлекеттік органдардың өздерімен және олардың лауазымды тұлғаларымен бағаланады, ал тіпті көптеген жағдайларда қорытындылар жасалмайды да және  ұзақ мерзімге есептелген бағдарламалармен жабыла салынады», – деп көрсетілген сауалда.
Е. Никитинская қаржыландырудың көлемі бойынша тек кейбір мәліметтерді ғана мысал ретінде келтірді. Мәселен, бірінші кезеңге (2011-2015 ж.ж.) білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына жалпы 509 млрд. теңге, денсаулықты сақтау Мемлекеттік бағдарламасына (2011-2020 жылдарға) – 367 млрд. теңге жұмсалатын болады. ҮИИДБ шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды (2010-2014 жылдарға) 6,5 трлн. теңге сомасында қаржыландыру қарастырылуда.
Депутат атап көрсеткендей, мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберіндегі қаржыларды игеру бойынша жеке жинақталған ақпарат Есеп комитетінің жыл сайынғы республикалық бюджетті орындау бойынша есеп-қисаптарында көрсетіледі. 2011 жылғы есеп-қисапта 3 мемлекеттік және 2 салалық бағдарламаны, 2012 жылға – 2 мемлекеттік және 13 салалық бағдарламаны бағалау қамтылған. Осы деректер де, тегіс қамти алатын сипатта емес екені айқын, – дейді Е. Никитинская. – Бағдарламаларды сәтті іске асыру үшін жауапты меморгандармен бағдарламаларды іске асыру барысы туралы, құқықтық жүйенің ерекшеліктеріне байланысты, Үкіметтің немесе Парламенттің алдында ұлттық баяндаманы (есеп-қисапты) жыл сайын дайындап қорғау қажет – мұны шетел тәжірибесін сараптау да көрсетіп отыр.
«Ұлттық баяндама – бағдарламаларны іске асыратын жүйелі  қорытынды құжат болып табылады, онда нақты іс жүзінде қолжеткен және орындалмаған мақсатты көрсеткіштер, стратегиялық бағдарламалардың құжаттарын іске асыру барысында әсер еткен факторларды талдау көрсетіледі. Ол қалың жұртшылық үшін түсінікті тілде БАҚ жарияланады және орналастырылады», – деп көрсетіледі сауалда.
«Ақ жол» депутаттарының пікірінше, жыл сайынғы ұлттық баяндамаларын әзірлеу және қорғау институтын енгізу:
– Үкімет қызметінің мақсаттары және басымдылықтары туралы және министрліктердің және ведомстволардың бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарының нәтижелері туралы жан-жақты ақпараттарды алуға;
– Тұрғындардың және заң шығарушы билік органдарының хабардарлығы арқылы мемлекеттік органдардың қызметтерінің мөлдірлігінің арттыруға;
– Мемлекеттік бағдарламаларды басқарудың сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «ақжолдықтар» Қазақстанда мұндай баяндаманы Парламенттің алдында қорғауды енгізуді орынды деп санайды. Бұл бағдарламаларды орындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне парламенттік бақылауды күшейтеді және тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы биліктің барлық тармақтарымен өзара iс-қимыл жасау туралы ҚР Конституциясының 4-бабын тікелей жүзеге асыруға ықпал етеді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастыра береді.