10
Қантар

Санат жоқ 10.01.2013

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М. А. Қазбекованың Көкшетау қаласы сайлаушыларымен кездесуі туралы

10 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
2013 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі М. А. Қазбекова Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Көкшетау қаласы сайлаушылармен кездесті.
Депутат М. Қазбекова «Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры» АҚ-ның аймақтық өкілдігі, «Есіл» ӘКК ҰК АҚ, Ақмола облыстық Салық департаменті, сондай-ақ бизнес өкілдерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында депутат «Қазақстан – 2030» Стратегиясының қорытындылары және орындалуы тиіс шаралары жөнінде, Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары туралы  баяндады. Сонымен бірге Ақмола облысындағы кәсіпкерліктің дамуымен танысып, бірталай сұраққа жауап берді.
Депутат «Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы, «Есіл» ӘКК ҰК АҚ-ның кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұсынған бағдарламаларымен танысып, Қазақстан Республикасының заңдарына, атап айтқанда, бәсекелестік мәселелері мен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне   енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндады.
Кездесуде аймақтағы ішкі туризмді дамыту, жергілікті бюджетке табиғи парктерге кіруден түсіп жатқан салық төлемдері және бұл орайда әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарды (балаларды, мүгедектерді, зейнеткерлерді және т.с. с.) осы салымдар бойынша топтастыруды қарастыру, ӘКК-на қаржы агенті мәртебесін беру сияқты мәселелер айтылды. Сондай-ақ  аймақтың экономикалық әлеуетін және өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысты, ауыл және аудан әкімдерінің сайлануы, оларға өкілеттілік пен міндеттердің жүктелуі туралы,   басқа да мәселелер көтерілді.
«Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша өкілдігінің директоры Е. Е. Баяхметов азаматтардың өз кәсіпкерлігін ашу барысында кездесетін кедергілер мен оларды жою жолдары, соның ішінде қаржылық сипаттағы бюрократиялық тосқауылдар туралы мәселелерді атап өтті; мемлекеттік қаржының тиімді  бөлінуі мен жұмсалуын сөз етті.
«Есіл» ӘКК ҰК АҚ Басқармасының төрағасы К. А. Сұлтанов бірқатар мәселелер бойынша депутаттың атына сауал жолдайтынын айтты.
Өз кезегінде депутат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі М. А. Қазбекова көтерілген мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға сауал жолдайтынын хабарлады.
Дөңгелек үстелге 20 адам қатысты.
 
Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты М. Қазбекова Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарының бірі «Көкшетауминсулары» АҚ-на барып, кәсіпорын басшылары мен жұмысшыларымен кездесті.
«Көкшетауминсулары» АҚ-ның  президенті А. Н. Самойловпен болған кездесуде депутат кәсіпорынды толғандырып отырған бірталай өзекті мәселелермен танысып, атап айтқанда, жақын шет елдер нарығына шығудағы кедергілер мен тосқауылдар туралы хабардар болды; өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.
Депутат «Қазақстан – 2030» Стратегиясының қорытындылары және орындалуы тиіс шаралары жөнінде, Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары туралы  баяндады. Кездесуде аймақтың дамуы, денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және қоғамдағы еңбек қатынастары, зейнетақымен қамту және зейнет жасын көтеру, азаматтардың кәсібі мен еңбек саласына байланысты зейнетақыны тағайындау мәселелері көтерілді.
«Көкшетауминсулары» АҚ көтерген  бірқатар мәселелері бойынша  депутаттың атына сауал жолдайтынын баяндады.
Кездесуге «Көкшетауминсулары» АҚ-ның 120 адамы қатысты.
 
2013 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің депутаты М. Қазбекова үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен Дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының, «Томирис» ҚБ, «Наше право» ҚБ өкілдерінің, «Ұлы дала қырандары» Республикалық қозғалысының Ақмола өкілдігі президиумының мүшелері, «Мирас» Қайырымдылық қоры және т. б. қатысты
(20 адам).
Бұл кездесуде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтетін лоттардың ашықтығы; Көкшетау қаласында тәуелсіз Баспасөз орталығын ашу; қоғамдағы жұмысшы кәсібі мәртебесінің көтерілуі; Қазақстанда ана капиталы туралы бағдарламаны қабылдау; Қазақстанның   жинақтаушы зейнетақы қорларының  болашағы; Қазақстан Республикасындағы Бірыңғай кәсіподақ қорын құру; ЕХРО – 2017-ге Қазақстанның дайындығы; мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер; оралмандар квотасы мен оларға берілетін жеңілдіктердің тоқтатылуы туралы мәселелер көтерілді.
Аталған сұрақтарға депутат  М. Қазбекова нақты жауап берді.
Сонымен қатар Қоғамдық қабылдауда болып, үш қоғамдық бірлестіктің өкілін қабылдады.
Сол күні депутат физика мен математика пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев интеллектуалдық мектепте болып, бағдарламалармен және оқушылардың шығармашылығымен, физика, химия, информатика және робототехника сыныптарымен танысып, шет тілдері кабинеттерін, сондай-ақ мектептегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  мұражайын аралап көрді.  
Депутат М. Қазбекова мектеп ұжымы мен оқытушыларына «Қазақстан – 2050» Стратегиясының» қорытындылары» деген тақырыпта дәріс оқыды.
Кездесуде депутат Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары, Парламенттің жұмыс барысы, өзінің және «Ақ жол» парламенттік Фракциясының Парламенттегі қызметі  туралы  баяндап берді.
Кездесу барысында Интеллектуалдық мектеп оқытушылары жеке мәселелері бойынша да сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан халқының ділі, жас отбасыларды тұрғын үймен қамту, әйелдердің зейнет жасын көтеру, Қазақстандағы гендерлік теңдік, қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуының тіл үйренуге тигізетін әсері туралы мәселелер көтерілді.
Кездесуге 80-ге жуық  адам, олардың ішінде шетелдік оқытушылар да болды.
 
  
2013 жылғы 12 қаңтарда Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі М. А. Қазбекова «Ақ жол» партиясының облыстық белсенділерімен, партияның облыстық Кеңес мүшелерімен кездесті.
Депутат  М. Қазбекова Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсініктеме беріп, Парламенттің заң шығару және Фракцияның Парламенттегі қызметі туралы баяндады, партия облыстық өкілдігінің  Қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жергілікті өзін өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасы заңдарына енгізілген өзгерістердің қабылдануына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
М. А. Қазбекова «Ақ жол» ҚДП-ның облыс белсенділерін ауыл және аудан әкімдерінің, жергілікті органдардың өкілеттілігі сайлауына белсенді  араласып, партияның идеяларын ілгерілетіп насихаттауға  шақырды.
Депутат Чернобыль АЭС зардабын жоюға қатысқан азамат К. С. Мұқажановтың өтініші бойынша мүдделі мемлекеттік органға арнайы сауал жолдайтынын хабарлады.
Кездесуге 26 адам қатысты.