10
Ақпан

«Ақ жол» партиясы Президент Жолдауын орындау мақсатында әзірленген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша заң жобасын үкіметке жолдады

10 ақпан 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы Президент жолдауын орындау мақсатында әзірленген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша заң жобасын үкіметке енгізеді – бүгін ҚДП төрағасы Азат Перуашев тиісті заң жобасын және ілеспе хатты жіберді.

                «Ақ жол» партиясы мүгедектердің құқықтарын кеңейту мәселесін бірнеше мәрте көтергенін, ал а.ж. қаңтардың соңында  «Ақ жол» фракциясымен Президенттің биылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауынан шығатын тапсырмаларды қолдау мақсатында тиісті депутаттық сауал жарияланғанын естеріңізге саламыз.

                «Президенттің мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қолдауды күшейту туралы бизнеске берген тапсырмаларына Қазақстан кәсіпкерлері түсіністікпен және оны өзінің әлеуметтік жауапкершілігі ретінде қарайды. Іс жүзінде мүгедектерді толыққанды әлеуметтік және еңбекпен оңалту үшін  жұмыстардың жеткіліксіз атқарылып жатқаны анық. Бұдан анағұрлым көбірек жасалуы керек, «Ақ жол» партиясы бұл бағытта жұмыс істейтін болады. Оның үстіне, біз бұл тәсілдемелерді кеңейту керек деп есептейміз», - деп атап өткен еді депутат С.Қадралиева.

                «Ақ жол» партиясымен қолданыстағы заңнамаларға талдаулар жүргізілді, сондай-ақ бұл саладағы шетелдік (ең әуелі - еуропалық) оң тәжірибелер зерттелді. Солардың негізінде тек жұмыс берушілерге міндеттемелер бойынша емес, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастырған жағдайда оларды ынталандыру, мүгедектер үшін жұмыс орнын құруға шыққан шығындарын субсидиялау туралы нормалар әзірленді.

                Осы ұсыныстарды жүзеге асыру үшін: «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы', «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңдарына түзетулер енгізу қарастырылады.

                «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны  мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрған кәсіпкерлік субъектілерінен ағымдағы жылы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жалпы көлемінің 10 %-нан кем емес мөлшерде сатып алуды жүзеге асыруды міндеттейтін норма ұсынылады.

                Бірқатар түзетулер мемлекеттің қатысуымен (ұлттық компанияларда) кәсіпорындарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге қатысты, себебі бүгінгі күнге дейін мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы құжаттарды талап ету, әдеттегідей жеке кәсіпкерлік  субъектілеріне және кейбір жағдайларда – бюджеттік мекемелеріне (мектептер, емханалар) ғана қолданылды.

                Алайда, қоғамда жұмысқа тұру үшін ұлттық компаниялар және холдингтер әлдеқайда тартымды болып есептеледі, осы уақытқа дейін мұнда мүгедектерді жұмысқа орналастыру нормалары ешқандай да заңдармен немесе заңға қосымша актілермен белгіленбеген. «Ақ жол» партиясы әзірлеген заң жобасы бұл олқылықтардың орнын толтырады. «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңдарына тиісті түзетулер енгізу ұсынылады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына түзетулермен жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану бойынша амалдарды жүргізу кезінде мүгедектерге жұмыс орнын құратын қазақстандық өндірушілерді тарту туралы  міндетті белгілеуді ұсынады.

Заң жобасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің белсенді шаралары мүгедектерге жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді ынталандыруға бағытталған, бұл жұмыс берушілерді ынталандыруға мүмкіндік беретін қаржылық-несиелік шараларды, инвестициялық және салық саясатын ұйымдастыру жолымен іске асырылады.

Заң жобасында осы шараларды іске асыру мақсатында Үкіметке және мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыс берушілерді ынталандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті өкілеттілік бекітіледі.

Заң жобасы жұмыс берушілерге өздерінің мүгедектерге жұмыс орындарын құруға және жабдықтауға шыққан шығындарының бөлігін мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидиялауға және мүгедектердің кәсіби бейімделуге қатысуына құқығын бекітеді.

«Заң жобасының басты мақсаты мүгедектерді жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру болып табылады, бұл ретте олар тұрақты жұмыс, ал кәсіпорындар – мемлекеттен қажетті көмегін алады, - делінген Азат Перуашевтің қолы қойылған заң жобасына түсіндірме жазбада. – Жоба бірқатар конституциялық нормаларды одан әрі қарай іске асыруға Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға, , сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталаған».

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.