ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Тұртаевтың Атырау облысына іс-сапары

» Санат жоқ » ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Тұртаевтың Атырау облысына іс-сапары

17.01.2013, 00:00

17 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» ҚДП-сы Фракциясының мүшесі Алмас Ұзақұлы облыстағы іс-сапарын қасиетті орын – Сарайшық селосынан бастады. Ол Хан ордалы Сарайшық мұражай қорығында болып, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты.
Бұдан кейін «1 Мамыр» АҚ-ының өндірістік базасында болып, оның тыныс-тіршілігіне қанықты. Мал тұқымын асылдандыру, ауыл шаруашылығына озық технологияны енгізу, құнарлы мал азығын өндіру және т.б. мәселелерді көріп, ризашылығын білдірді.
Бейбарыс селосы тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы әңгіме өрбітті.
Осындай кездесулер Атырау қаласында «Атырау-Жарық» АҚ-ында, Атырау мұнай және газ институтында болып, жұмысшы-қызметкерлер және оқытушы-студенттер алдында жолдауды насихаттады.
Кездесулерде жолдауға қатысты ой-пікірлер айтылып, түрлі сауалдар қойылды. Оған депутат тиянақты жауаптар қайтарды.
Сондай-ақ ол Атырау облыстық филиалының офисінде болып, Саяси Кеңес отырысына да қатысты. Өзара кең пікір алмасылды.
Депутаттың кездесулеріне 214 адам қатынасып, 20 сауал қойылды. 21 адам жарыссөзге қатысты. БАҚ-ына 4 мақала шығып, телеарнада 3 бейнекөрсетілім берілді. Ол «Әлеумет» бағдарламасы бойынша тікелей эфирге шықты.