Геология саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен кездесуге «Ақ жол» фракциясының депутаты қатысты

» Санат жоқ » Геология саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен кездесуге «Ақ жол» фракциясының депутаты қатысты

09.01.2013, 00:00

09 января 2013 года, пресс-служба Демократической партии Казахстана «Ак жол»
Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжiлiсінің депутаттары Н.Жазылбековтің, Г.Баймаханованың және А.Қожахметовтің елдің Премьер-Министрi С.Ахметовпен геология саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кездесуі өтті.
Мәселенiң өзектi болатындығы бiздiң елдің экономикасының көмiрсутектерiн және басқа пайдалы қазбаларды iске асыруына тiкелей тәуелдiлігінде. Пайдалы қазбалар қорлары бойынша әлемдегі бай ел бола тұра, өкiнiшке орай, геологиялық сала терең дағдарыста екенін айтуға тура келеді.
Кездесу барысында қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру мәселелері, пайдалы қазбаларды зерттеу, iздестiру және барлау бағдарламаларын дайындау және iске асыру мәселелері, кәсiби кадрларды әзiрлеу, сондай-ақ гидрогеология мәселелерi де талқыланды.
Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң өкiлдерi де қатысты.