«Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін Ақмола облысының балабақшаларын қаржыландыру туралы мәселе оң шешiмін тапты

» Санат жоқ » «Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін Ақмола облысының балабақшаларын қаржыландыру туралы мәселе оң шешiмін тапты

11.01.2013, 00:00

11 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейінАқмола облысының балабақшаларын қаржыландыру туралы мәселе оң шешiмін тапты.
Естеріңізде болар, бюджеттен бөлінген қаражаттардың балабақша есеп шоттарына уақтысында аударылмауы «Балапан» бағдарламасының іске асырылуына кедергі болуы мүмкін екені туралы «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Қаржыларды бірнеше айға оқтын-оқтын кешіктіріп аударудың фактілері көрсетілген болатын.
Үкіметтен келіп түскен жауапта Ақмола облысы Целиноград ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қаржыландыру мәселелері бойынша мағлұматтар көрсетілмеген.
«Ақ жол» фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков Ақмола облысы әкімінің, сондай-ақ ҚР Білім министрлігінің атына бюджеттен бөлінген қаражаттардың  көрсетілген аймақ бойынша уақтысында аударылмау себептері туралы қайтадан жазбаша сауал жіберген.
Әкiмдiктiң ресми жауабында көрсетілгендей, бюджеттен бөлінген қаражаттың тапшылығына байланысты Қазақстан Республикасының Білім Министрлігіне қосымша бюджеттiк тапсырыс жіберілген болатын, және бүгінгі таңда Целиноград ауданы бойынша қосымша қажеттілік 114 млн. теңгеден астам сома республикалық бюджеттiк комиссиямен мақұлданды. «Осылайша, балабақшаларды қаржыландыру туралы мәселе оң шешiмін тапты. Қазіргі уақытта қаражат толық көлемде бағдарлама әкімшілігіне (білім басқармасына) жіберілген» – деп көрсетеді хатта Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қайнарбекова.
           «Ақ жол» фракциясы депутаттары сайлауалды тұғырнамасын, өз сайлаушыларының заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауды іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.