Екатерина НИКИТИНСКАЯ пәтер иелерiнiң кооперативтерiнiң қауымдастығымен кездесті

» Санат жоқ » Екатерина НИКИТИНСКАЯ пәтер иелерiнiң кооперативтерiнiң қауымдастығымен кездесті

14.01.2013, 00:00

14 қаңтар 2013 жыл,  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 
«Ақ жол» ҚДП Фракция Депутаты Екатерина Никитинская «Қоғамдық қорғаушы» кәсіпкерлер мен тұтынушылар одағы» АҚҚ, «Республикалық қоғамдық монополяға қарсы комитет» АҚҚ және Астана қаласының пәтер иелерi кооперативтерiнiң қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Кездесу партияның Астана қалалық филиалымен ұйымдастырылды.
Депутат жиналғандарға Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП Фракциясының және депутаттардың қызметі туралы айтып берді. Кездесу барысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асырудағы проблемалық сұрақтар талқыланды.
Кездесуге қатысушлар – үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Бағдарламаның тиімді жүргізілуі үшін кондоминимумдарды тіркеуді оңтайландыру ұсынысын берді. Олардың айтуынша, тіркеусіз жоғарыда аталған Бағдарлама бойынша үйлерге капиталдық ремонт және термомодернизациялау жүргізу мүмкін емес, мұндай ПИК-тер – заңсыз, ал кондоминимумнің жалпы мүліктеріне қызмет көрсету бойынша тұрғындармен жасалған келісімдердің заңдық күші болмай жатыр. Осындай жағдай кондоминимум құрамындағы техникалық және арнайы мәндегі әр жайға құқық беретін құжаттарды алу бойынша да болып отыр.
Коммуналдық қызметтерге тарифтердің аса жоғарлап бара жатқанын да көтерді. Қызмет сапасына ешкім жауап бермейді, ал ортадағы делдалдық фирмалардың көптігінен тарифтер өсіп жатыр.
ПИК өкілдерінің ойынша, соңғы тұтынушыларға коммуналдық қызметтердің сапалы жеткізілуі монополисттер мен кондоминимумдар арасында ынтымақтастық келісім-шарттар жасалынбай мүмкін еместігін алға тартты. Бүгінгі күні құрылыс салушылар өздері тұрғызған үйге өздері қызмет көрсетеді, бұған тұрғындар қарсы, сондықтан заңнамалық деңгейде өздігінен басқарылуына тыйым салуын сұрады.
ПИК өкілдері, пәтерлер иелерінің мүдделерін қорғаумен қатар, тұрғын-үй кешендерінде жайларды жалға алып жүрген жеке кәсіпкерлерге коммуналдық және өзге де қызметтер үшін қойылатын тарифтік үстемелерге қарсылығын білдірді.
Кездесуге қатысушылар дайын тұрғын-үйді тапсыру проблемаларына да тоқталды: пәтерлердің жағдайы келісім шарттарына жауап бермей жатады, жосықсыз құрылыс ұйымдары туралы мысалдар да келтірілді. Көптеп кездесетін жайттардың бірі, жаңа тұрғын-үй иелері өз қауіпсіздіктері үшін күнделікті қорқынышта өмір сүруде. Сайлаушылар Е. Никитинскаяны тұрғын –үйді экслуатациялауға беру бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын қайта қарастыруды және қоғамдық бақылау туралы сұрақтарды көтеруді сұрады.
Екатерина Никитинская, өз кезегінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу бойынша бастамашыл жұмыс тобы ретінде әрі қарай ынтымақтасуға шақырды.
Кездесуге қатысушылар депутатқа басқа да сұрақтар бойынша өтініштерін айтуға мүмкіндік алды. К.Закарьянов оқу орындары үшін мемлекеттік тапсырысты алып тастауды ұсынды, өйткені, оның ойынша, осы процедура арқылы бағасының төмендігіне байланысты сапасыз өнімдермен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарының әрекетсіздігіне қатысты шағымдар тындалды.
Депутат Е.Никитинская атына түскен ауызша және жазбаша сұраулардың қаралатындығын, қажет жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға сәйкесінше сұрау да дайындалатын жеткізді.