28
Қантар

Cұхбаттар 28.01.2016

А. Перуашев: «Ақ жол» партиясы сайлау науқанында дәстүрлі БАҚ-ты ғана емес, әлеуметтік желілерді де қолданбақ

Біз сайлау науқанында дәстүрлі БАҚ-ты ғана емес, әлеуметтік желілерді де қолданамыз, деді Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Азат Перуашев Srategy2050.kz АА берген сұхбатында.



«Сайлауға дайындық жұмыс кестесі бойынша жүруде. Съезд делегаттарын сайлау бойынша конференциялар аяқталуда, съезд 3 ақпанда өтеді. Біздің филиалдардан шыққан үміткерлер жергілікті мәслихаттарға ұсынылады, съезде мәжіліске енетін тізім мен сайлауалды науқанның тұғырнамасы бекітіледі», - деді ол.

ЭКС-депутат айтып өткендей, «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды науқаны елдегі экономикалық жағдайға  қарай бір қалыпты өтеді.

«Егер біз 4 жыл ішінде өз сайлаушылыарымыздың үдесінен шықпасақ, онда бір айдың ішінде сайлаушылардан қолдау табу мүмкін емес, сондықтан шоу жасаудың еш қажеті жоқ.», - деді ол.

Оның айтуынша, сайлау науқанында дәстүрлі БАҚ-ты ғана емес, әлеуметтік желілерді де пайдалану маңызды.

Айта кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Индира Кауметова

Дерек көзі - strategy2050.kz
Фото: kapital.kz