08
Сәуір

«Ақ жол» арқалықтықтардың мәселесіне назар аударса - 'Қазақ үні' газеті

Казак yнi (Алматы), № 13 (622), 01.04.2014

«Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев мырзаға Қостанай облысы Арқалық қаласының кәсіпкерлерінен ашық хат

«Қазақ үні» газетінің 18 ақпан 2014 жылғы санында «Ақ жол» - кәсіпкерлердің мәселесін қадағалайды» деген тақырыппен мақала жарық көрген еді. «Ақжолдықтар» «Жесір қалған Торғайдың жетім ұлы »деп жырға қосылған Арқалық қаласына да көз қырын сала кетсе екендейміз.

Себебі, моноқалаларды дамыту бағдарламасымен 2013 жылы мемлекеттен Арқалық қаласындағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін 140 миллион теңге қаражат қарастырылған-ды. Оның сыртында осы қалаларды дамыту бағдарламасымен мемлекеттік грант есебінен 43 миллион теңге бөлінді. Бұл грантқа бөлінген қаражат негізгі мақсат бойынша жаңа ашылатын кәсіпорындар мен өндірістік өнім шығаратын жобаларға бөлінуге тиісті еді. Бірақ «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса да» дегендей, сол кездегі Арқалық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жанат Әскерқызының құзырымен қыруар қаржы басқа салаларға бөлініп кете барды. Ал, нақты жобаларын ұсынған кәсіпкер азаматтар неше түрлі себептермен ол конкурсқа қатыспай қалды.

Алдымен қаламызға бөлінген 140 миллион теңге қаражатқа тоқталайық. Бұл қомақты сома бағдарлама бойынша мемлекеттен 0,01%-бен бөлініп, Қостанай облысындағы «СПК «Тобол» атты мекеменің иелігіне берілді. Заң бойынша кәсіпкерлерді несиемен қамтамасыз ететін шағын несиелік мекемені конкурс арқылы анықтап, содан кейін барып құқық берілуі тиіс еді. Алайда олай болмады, бұл бағыттағы ережені белінен басып білгендерін істеді жауапты адамдар.

Осы конкурсқа қатысуға үміткер ретінде Арқалық қаласының несиелік қызметпен айналысатын серіктестіктер тіркеліп, қатысуға ниет білдірді. 2013 жылда өтуге тиісті шара түрлі себептермен 2014 жылға жалғасып, әрбір лотқа бір ғана қатысушыдан болғандықтан, конкурс өткізілмейтін болып шешілді. Сөйтіп, ойда жоқта «СПК «Тоболдың» заңына сәйкес қатысқан кез келген шағын несиелік серіктестікті өздері еркін тандап алуға құқылы болып шықты. Сол заңы бойынша Арқалық қаласына бөлінген 140 миллион теңгені «ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын» дегендей, әрі қарай Арқалық қаласының кәсіпкерлерін несиелеуге Арқалықтан 600 шақырым қашықтықта орналасқан Таран ауданының «МКО «Союз-Кредит» мекемесі таңдап алынып, Арқалық қаласына бөлінген 140 миллион теңге Таран ауданының «МКО-сының» қанжығасында кете барды. Қаржы нақты Торғай өңіріне, оның ішінде Арқалық қаласына тиесілі болса да айдаладағы бір ауданның Тарановқа ауылында тіркелген мекемеге бұйырды.

«МКО» директорының орынбасары В.А.Гренц мырза келіп, Арқалық қаласының кәсіпкерлерінен несие алуына құжаттарын жинап, оны талқыға салуға Таран ауданындағы бөлімшесіне жөнелтіп, әрбір несие алатын кәсіпкерге тапсырған құжаттарының өткені, не өтпегені туралы ұялы телефондарына хабарлама келіп түсіп жатты. Құжаттары өтпеген кәсіпкерлер неліктен бұлай болғанын біле алмай дал болды. Хабарласуға телефоны жоқ, барайын десе жол алыс, қыстың көзі қырауда қалай жетпекші? Кейбір кәсіпкерлер Таран ауданының тіпті қай жақта екенін білмей, Қостанай облысының картасын алып іздеуіне тура келді.

Сол кәсіпкерлердің арасынан елім деп еңірегендер шығын, облыстық «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихат депутаттарымен, қала әкімімен кездесу ұйымдастырып, өздерінің мұңын айқайлап айтудан басқаға қол жеткізе алмады. Олардың жанайқайын құлағына ілген пенде, іші жылыған шенеунік болмады. Көп балалы ана, ауыл шаруашылық машиналарының қосалқы бөлшектерін сататын дүкені бар Балғина Әсияға «МКО» несиелік комитеті 2009 жылы төленбеген 5 мың теңгесі бар екенінен шошынғаны соншалық, мекеменің есігінен сығалатпапты. Шырылдаған кәсіпкер ол айыппұлды қашан, кім салғанын да білмейтін боп шықты. Айыппұл төленген күннің өзінде де ол кәсіпкерге «МКО» өкілі несие берілмейтінін кесіп айтты. Екінші кәсіпкер М.Нұғыманов деген азамат қазіргі уақытта жеке шаруа қожалығы, техникасы, мал бағуға жері бола тұрса да, оның 2009 жылы БТА банктен алған несиесін уақытынан кеш төлегенін желеу етіп несие беруден бас тартыпты. Жеке мал бағып, сүт өндірумен айналысам деген тағы бір үміткер Бектасбаев Көшімбек деген азамат осы несие алуға 10 жылдан артық өмірін босқа сарп еткенін, қазір алпысқа аяқ басып қалғанын айтып ашынады. Өйткені малдың өсіп-өніп, табысын алуға кемі 2 жыл уақыт керек, несие бірден қайтарылмайды, яғни тәуекелі мол болған соң көмек беруге құлықсыз. Кәсіпкер Ж.Көпееваға «Қазақтелекомға» берешегіңіз бар екен деп, несие беруден бас тартты. Берешегін төлесе де арызының қайта қаралмайтынын айтып шорт кесті. С.Конкин, Е.Сәдуақас, А. Есниязов сияқты кәсіпкерлердің де несие алуға берілген арыздарын аяқсыз қалдырған. Оларға да айтар сылтаулары сан түрлі.

Аталмыш жиналыстың болатынын естіп келіп қатысқан кәсіпкерлер қала билігіне мұңын шағып бакты. Ал, жиналыстың боларын естімей қалғаны қаншама, естісе де көңілі қалып, үмітін үзіп келмегендері қаншама.

Осы кездесуге қатысқан Қала әкімшілігінің басшылары бүл тығырықтан қандай жол табуға болады деген сауалға мандытып ештеңе айта алмады. Арқалық қаласынын Несиелік серіктестігінің заңгері Ж. Кенжеахметов, Таран ауданының «МКО» мекемесінің несие беру туралы ішкі ережесіне «өзгерістер мен толықтырулар» енгізу арқылы ғана бұл мәселені шешуге болатынын айтқанда. «МКО» өкілі «бүл мәселе шешілмейді» деп шоршып түсті. Казакстан Республикасының қай заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне заңда белгіленген болса да, «МКО «Союз-кредит» мекемесі ешбір заңды елемейтін ерекше мекеме деп топшыладық. Осы жағдайлармен катар өз елімізде өгейдің күйін кешіп жүрген жергілікті ұлт өкілдерінен тұратын кәсіпкерлер ойларын басқа ұлт тілінде түсіндіре алмады. Орыс тілін түпкілікті түсінбестіктің кесірінен көбі құжаттарын дұрыстап тапсыра алмаған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қалалық әкімшілік МКО мекемесіне мемлекеттік қызметкер есебінде ештене айта алмайтынын жеткізіп акталды. Облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының өкілдері өз тарапынан тиісті жерлерге хат-хабар жолдайтынын, Костанай облысы құзырлы мекемелеріне арнайы жеделхат жіберетіндеріне сендірді. Басқа амалы қалмаған бұл үлкен сенім артқан ордалы жиыннан көңілдері ортайып қайтты.

Қандай қиыншылықты бастан кешірсе де «бұдан да жаманында күнімізді көргенбіз, осы күнімізге тәубә» дейтін

көнбіс, көнтерлі казакпыз ғой. Несібеміздің басқаға бұйырғаны ғана «әттеген-ай» дегізеді, әйтпесе ««басы аманның малы түгел» деп дау-дамай көтермей-ақ тыныш отыра беретініміз де анық.

Абай атамыз «көңілдегі көрікті ойдың, ауыздан шыққанда өңі қашады» - деп айтқандай. Президентіміздің кәсіпкерлерді қолдау туралы жарлықтары неге екені белгісіз, кәсіпкерге жеткенде «өні қашып жетеді». Нақты айтар болсақ: неге Үкіметтің шешімімен бөлінген қаражат тікелей Арқалыққа жеткізілмейді? Арзан пайызбен бөлінген қаражатты неге 8 пайыздық үстемемен қайтаруымыз керек? Неге шағын несиелік ұйымдардың шарты банктердін шартынан да ауыр. талаптары өте көп? Шарт негізінде кепілге дүние-мүлік қойылып отырғанда неге сенімсіздік туады, егер несие қайтарылмаса, кепіл дүние бар емес пе? Әлде біздің кепілдікке қойған дүниеміз харам болғаны ма?

Арқалыққа «Ақ жол» азаматтары араша түсіп. мұңымызды мұңдап, кәсіпкерлік заңын «жырлап», біздің құқымызды қорғап берер ме екен деген үмітпен сіздерге хат жолдап отырмыз.

Құрметпен, С.Конкин, Ә.Ба.іғина. Ж.Кепеева, Е.Сәдуакас, А.Есниязов, М. Нүғыманов, В.Горбань, Ж.Кенжеахмет және басқалар.