08
Сәуір

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ - 'Қазақ үні' газеті

Казак yнi (Алматы), № 13 (622), 01.04.2014
Наурыз айының 27-ші жұлдызында «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы ОҚО филиалымен «Ақ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына байланысты партияның Саяси кеңесімен, жастар ұйымының, партиялардың, БАҚ-тың, үкіметтік емес ұйымдары, қалалық, облыстық мәслихат депутаттарының, мемлекеттік қызметкерлердің (ішкі саясат және жастар саясаты ісі жөніндегі басқармалардың) өкілдері «Су ресурстары-Маркетингі» ұжымына дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде қаралған бір ғана мәселе ол Елбасының Жолдауы. Осыған орай, еліміздің басты құжатының 44-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгеніндей (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын Қазақстан халқына жолдайды). Жолдауда Елбасы салиқалы ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жөнінде жалпы жұртшылыққа түсіндіруде.

Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалының төрағасы Анарбек Орман өзінің баяндамасында Елбасының жолдауын егжей-тегжейлі етіп талдап, «Үлкен мен кіші - Елбасы Жолдауының қолдаушысы» деп түйіндеді. Бұдан бөлек Жолдаудағы алтыншы басым бағытқа жастар мен үлкен буынды назар аудартты. Ол басым бағытта жастар үшін, оның ішінде, студенттерге жағымды жаңалық ретіңде 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, 25 пайызға шәкіртақысы өсетіндігінен хабардар етті. Баяндамасында айтылғандай жастар ұйымы былтыр күзде ғана ашылғанмен. бұл ұйымның асар биігі мен шығар тауы әлі алда деді. Осыншама азға уақыттың ішінде бүл ұйым партияның қолдауымен бірнеше іс-шараларды атқарды. Мысалы «Жастарды әртүрлі діни экстремистік ұйымдардың және дәстүрлі емес діндердің ықпалынан сақтандыру» атты тақырыптағы зиялы қауым және жастардың бас қосуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ал екінші іс-шара жылдың басында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшесі Ерғалиев Талғат Файзуллаұлының «Парасат» колледжінде Елбасының манызды құжатын түсіндіргенін сөз етті. Әрине, бүл іс-шараларды аймақтық, республикалық БАҚ-тарда жарияланған болатын.

«Акжол» партиясы ОКО филиалының жетекшісі Анарбек Орман жиынның қорытынды сөзінде дөңгелек үстелде Елбасының Жолдауын жергілікті қала, аудан, облыс және республика көлемінде тұрғындарға жан-жақты ақпараттық таныстыру жұмыстары жүргіз.іліп жатқанын айтты. Партия төрағасы БАҚ арқылы қоғамыздың барлық деңгейдегі қызметкерлерді атсалысуға шақырды.