Алға, «ақ жол жастары!» – ‘Қазақ үнi’ газеті

» Баспасөз жарияланымдар » Алға, «ақ жол жастары!» - 'Қазақ үнi' газеті

08.04.2014, 00:00

Казак yнi (Алматы), № 13 (622), 01.04.2014

Еліміздегі алғаш «Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалы жанынан құрылған «Ақ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігі өзінің бастапқы кадамын жастар арасындағы жат әдеттерден арылту мәселесі мен оларды отансүйгіштік рухта баулу бағытын ұстанды.

Жақында «Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалының ұйымдастырумен Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының студенттерімен алқалы жиын өткізіп, Елбасымыздың: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дәстүрлі жолдауын жастарға түсіндіріп қана қоймай, олардың өзіндік пікірлеріне де құлақ түрді. Жиынға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшесі Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы арнайы катысты. Жиынды ашып, жүргізіп отырған «Ақ жол» демократиялық партиясы О ҚО филиалының төрағасы Анарбек Орман алғашқы сөзді Талғат Файзуллаұлына берді. Оның айтысына қарағанда, Жолдаудың басым бағыты жастар мәселесіне, олардың алаңсыз білім алулары мен жағдайларының жақсаруына, енбекпен қамтылуына, салауатты өмір салтын ұстануларына бағытталған екен. Еліміздің бүгіні мен болашағына арналған Жолдаудағы өзге де басты бағыттарды барынша түсіндіруге тырысқан Мәжіліс депутаты «Мәңгілік ел» болып қалыптасуымыз үшін жастардың ерекше орын алатынын, олардың бұл игі іске қосар үлестері мол екендігін баса айтты.

Студенттер тарапынан Мәжіліс депутатына қойылған сұрақтар мен ұсыныс, пікірлердің салмақтылығы болды. Мәселен, пікірталасқа шыққан жастар өткір де, өзекті мәселелерді қаузады. Жастардың жат әдеттерге бой алдыруының себептері мен салдарына, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге кедергі болар тұстарға да және тағы басқа студенттердің сауалдарына салиқалы түрде жауап берген Талғат Файзуллаұлы қайсыбір ұсыныстарды Парламентте көтеруге уәде берді.

«Ақ жол жастары», алға!, – деп ұрандатқан жастардың алдында алынбайтын асу, бағындырмас биік жоқ деп ойлаймыз. Оларға жағдай жасап, рухтандырып жүрген «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев пен осы партияның ОҚО филиалының төрағасы Анарбек Орманға да көпшіліктің айтар алғыстары шексіз.