16
Қантар

Санат жоқ 16.01.2013

Ү. ж. 16 қаңтарда Павлодар облыстық аурухана ұжымымен кездесті және «Бизнес-инкубатор»-дың жүмысымен танысты

16 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
2013 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаты М. Қазбековаөзінің жұмыс сапары аясында Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланып, дәрімен қамтамасыз ету, әйелдердің зейнет жасын көтеру, т. б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
Түстен кейін М. Қазбекова «Бизнес-инкубатор»-дың жұмысымен, кәсіпкерлердің жағдайымен танысты. Облыстағы кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік бастамалар, шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен Дөңгелек үстел өткізді.
Жұмыс күнінің соңында М. Қазбекова облыстық мұрағатқа барып, оның жұмысымен танысты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қызметі туралы баяндап берді.