14
Қантар

Санат жоқ 14.01.2013

«Ақ жол» партиясының депутаты А. Әбілдаевың Алматы облысындағы елмен жүздесуі

14 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»демократиялық партиясының баспасөз қызметі
14 қаңтар күні Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі А.Әбілдаев  Алматы облысы Жамбыл ауданы  Сұраншы батыр, Қастек елді мекен тұрғындарымен бірқатар білім ордаларында кездесулер өткізді.
Іс-шараларға аудан әкімінің орынбасары Чжабаев Жұмабек Тоқаұлы, аудандық маслихат хатшысы Қазиев Бейсенбек Бақтыбекұлы және ауыл тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы ортаға салынып талқыланды. Тұрғындар өз тараптарынан Елбасының дәстүрлі Жолдауларынан халқымыздың қашанда қанатты қамқорлық, жасалар жақсылық күтетіндігі және қазақстандықтардың қазіргі және болашақ буыны үшін стратегиялық бағдар екендігі   жөнінде айтты.  Ерболат Жамантаев және Серікбай Сабыров сияқты сайлаушылар жолдаудың мазмұнына тоқталып, олар кәсібі жоқтарды тегін оқыту арқылы мамандық беру, жұмысқа орналастыру, керек болса жұмыс қолын керек ететін үлкен өндіріс орындарына тарту керек деген бағыттарына аса көңіл бөліп және халықтың әлеуметтік жағдайын, әл-ауқатын арттыруды, ел дамуының барлық салаларын дамытудың жолдары көрсетілгендігін және Елбасының Жолдауын қолдай отыра, онда айтылған мақсат, міндеттерді орындауға үлестерін қосатындықтарын айтты.