«Ақ жол» партиясы Парламент фракциясының қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясы Парламент фракциясының қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

15.02.2014, 00:00

15 ақпан 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
15 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев «Ақ жол» партиясы Парламент фракциясының Маңғыстау облысы бойынша қоғамдық қабылдау орталығының ашылу салтанатына қатысып, өз қолымен лентасын қиды.
«Ақ жол» партиясының белсенді мүшелерінің ұсынысымен қоғамдық қабылдау орталығының төрағасы болып жергілікті жас кәсіпкер Болатбек Абулхайыров тағайындалды.
Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев салтанатты жиынға жиналған ақжолдықтарға партияның бағыты мен атқарылған жұмыстарына тоқталып, партия қатарына жаңадан енген мүшелеріне партиялық билет табыстап, қоғамдық қабылдау орталығының жаңа қонысымен құттықтап сөз сөйледі.