«Ақ жол» отандық автобус шығарушыларды қорғауды талап етеді – ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» отандық автобус шығарушыларды қорғауды талап етеді - ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал

16.04.2014, 00:00

 
2014 жылғы 16 сәуірде жарияланған
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі 
К.Қ. Мәсімовке
 
 
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
 
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында әзірленген Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес, негізгі міндеттерінің бірі ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады.
2012 жыл қазақстандық автоөндірушілердің тарихында ең сәтті жыл болды, тіпті дағдарыс жылдарына дейінгі ең жоғары көрсеткіштен де асып түсті.
2013 жылы Қазақстанда  165 710 автомобиль сатылған, оның ішінде  12 046-сы коммерциялық техникаға жатады, бұл іс жүзінде  2012 жылғы сатылымның нәтижесінен екі есеге көп. 2014 жылға  200 мың автомобиль сату жоспарланған.
Ресми дилерлер арқылы машиналар көптеп сатылып жатыр, тұрғындар несие алады, ал дилерлер өздерінің қызмет спектрлерін кеңейтуде.
Қазақстандық нарықтың ресейлік нарықтан айырмашылығы, оған автомобиль сату деңгейінің төмендеу қаупі төніп тұрған жоқ.
Сонымен бірге, қазақстандық машиналарды экспортқа тапсыру бойынша ілгерілеу байқалады. Мәселен, 2013 жылы коммерциялық техниканың 318 бірлігі Беларусь Республикасына, Ресей федерациясына сынамалық партия ретінде 96 машина  жіберілген.
Автомобиль жасау бағыттарының бірі  автобус шығару болып табылады. Мәселен, 2007 жылы Шығыс-Қазақстан облысының Семей қаласында  «СемАЗ» ЖШС-нің өндіріс алаңдарында Daewoo автобустарын шығару бойынша зауыт ашылған болатын.
Басты мақсат, автобус зауыты қол жеткізуге мүмкіндік туғызбақшы болып отырған, Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамыту болып табылады.
Осы кәсіпорынды құру, біздің республиканың экономикасына 2,5 млн. АҚШ доллары сомасында шетелдік инвестицияны тартуға мүмкіндік берді.
Әлемде алдыңғы қатарлы автобус шығарушылардың бірі болып табылатын компания, оның жұмыс істеп тұрған ресейлік автозауыттардың бірін жаңғырту туралы ұсыныстарын жақтап, өзінің таңдауын  Қазақстандағы жаңа құрастыратын кәсіпорынның жобасына тоқтатты. Корей компаниясы әлемдік деңгейде жоғары, автобустардың ең соңғы модельдерін шығаруға мүмкіндігі бар, толығымен жаңа жоғары технологиялық өндірісті құруға қызыққан болатын.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы бірнеше мәрте айтып өткендей отандық өндірушілер  қолдауға зәру. 2012 жылы ел Президенті министрліктер мен ведомстволар үшін шетелде шығарылған автомобильдер сатып алынады деп бірнеше рет наразылығын білдірген. Ағымдағы жылы 11 сәуірде Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық инвесторлардың Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасында шығарылған автокөліктерді сатып алу жолымен еліміздің экономикасын қолдаудың қажеттігіне  тағы да ерекше назар аударған болатын.
Онда отандық автомобильдердің  сапасының шетел автоөндірісінің өнімдерінен еш кем түспейтіндігін айрықша атап өтілді. Мемлекет басшысы Алматы, Астана қалаларындағы автопарктердегі жағдайларды мысал ретінде келтірді, онда бағасы 40-50 мың АҚШ доллары тұратын отандық автобустар тұрғанда, аталған автопарктер автобустардың әрқайсысын 400 мың АҚШ долларына шетелден сатып алады.
Осыған байланысты, Сізден Мемлекет басшысының Қазақстанда шығарылған автокөліктерді сатып алу жолымен отандық өндірушілерді қолдау туралы  тапсырмасын жүзеге асыруға қатысты Үкімет қабылдаған шаралар туралы хабарлауыңызды сұраймыз.
Сауалды қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде  заңнамада белгіленген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП депутаттық
фракциясы
 
Н. Жазылбеков
А.Перуашев
Е.Никитинская
А. Әбілдаев
Т.Ерғалиев
М.Қазбекова
С.Қадралиева
А.Тұртаев