Бурихан Нұрмұхамедовтың басшылығындағы жұмыс тобымен ‘Ақ Жол’ ҚДП-ның жаңа саяси бағдарладамасы дайындалды

» Санат жоқ » Бурихан Нұрмұхамедовтың басшылығындағы жұмыс тобымен 'Ақ Жол' ҚДП-ның жаңа саяси бағдарладамасы дайындалды

17.04.2014, 00:00

ЖОБА

 

Қазақстанның «Ақ Жол» Демократиялық партиясының
САЯСИ БАҒДАРЛАМАСЫ
 
 
«Ақ Жол» Демократиялық партиясы және елдегі жағдай
 
 
Тәуелсіздік – дамудың негізгі шарты
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан толыққанды егеменді мемлекет ретінде қалыптасып,  қазіргі әлемнен өзінің лайықты орнын алды. Осы жылдар ішінде елімізде өмір сүру сапасын жоғарлатуда,  экономика келбетіне елеулі өзгерістер енгізуде, шикізат ресурстарын экспорттауға тәуелділікті азайтуда, отандық өндірістің және жоғары технологиялық секторлардың үлесін арттыру мақсаттарында мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр.  Халықтың өмір сүру деңгейі мен экономиканың үдемелі өсуі қамтамасыз етілді.   
Адам капиталының сапалы өсуі Қазақстанды дамытудағы  жоғары басымдылық ретінде ресми деңгейде жарияланды. Әлеуметтік жаңару саясатының қабылдануы республика азаматтарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға және әл-ауқатын көтеруде ұзақмерзімді стратегиялық тренді қалыптастырады.
«Ак жол» Демократиялық партиясы мемлекетті дамытудың осы стратегиялық бағытын қолдайды, себебі біз Қазақстанның басты құндылығы мұнай мен металл емес, біздің талантты халық деп есеаптейміз. Еліміздің тәуелсіздігі қазақ халқының тілін, мәдениетін және рухани құндылығын ығыстырудан қорғап қалды, еліміздегі барлық этностардың тілі мен өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, оны әрбір қазақстандықтың игілігі етуге мүмкіндік берді.
 Қазақстандықтарға сыртқы әлем есігінің ашық болуы жалпы әлемдік құндылықтарға, ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерге молынан қол жеткізуге себепші болды. 
Жеке тұлғаның кәсіби, шығармашылық, рухани дамуына  ел ішіндегі  саяси тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім жағымды жағынан әсер етуде.
Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, сараланған сыртқы саяси бағытты ұстануымыздың арқасында Қазақстан халықаралық қатынастардың  беделді қатысушысына айналды. Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуіміз, сондай-ақ Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) құрылуы Қазақстанды әлемдік деңгейде мойындаудың жарқын көріністері болып табылады. 
 
Қазіргі заманның негізгі сын қатерлері мен қайшылықтары
 Қазақстан басқа да мемлекеттер сияқты қазіргі заманның сын қатерлерімен, яғни әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысымен және  өткір геосаяси қайшылықтармен бетпе-бет келіп отыр.  
  ХХІ ғасырда үдеп келе жатқан жаһандану үдерісі әлемдегі әр түрлі елдердің өзара іс-қимылы мен өзара тәуелділігіне әсер етуші шешуші факторға айналғандығы айқын. Соңғы жылдары бірқатар мемлекеттер ғаламдық   қаржы-экономикалық дағдарысы душар еткен әлеуметтік-экономикалық және саяси күйзелістерге қатысты өздерінің қауқарсыз және осал екендіктерін көрсетті.
Бұл дағдарыс мемлекеттің еліміздің экономикасына араласуына стимул беріп отыр.  Дағдарысқа қарсы шараларды жасаудың және жүзеге асырудың арқасында қаржы секторына,  кәсіпкерлерге және халықтың тұрмысы төмен бөлігіне көмек көрсетілуі барысында еліміз ғаламдық сынақтың бірінші толқынының соққысына төтеп берді.
Сонымен бірге,  мемлекеттік кәсіпорындардың құрылу белсенділігі бәсекелестік ортаны тарылтып, экономиканың жеке секторының дамуын шетке ығыстырып отыр.  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін шектейтін қатаң қазыналық тәртіптермен қоса, жан-жақты әкімшілік тосқауылдар да әрекет етуде және артып келеді. Бұл әсіресе, азаматтық және кәсіпкерлік бастамашылдықты шектейді. Бүгінгі таңда көпшілік жастардың шығармашылық жетістікке жетуді немесе жеке кәсіпкерлігін ашуды емес, министрліктегі шенеунік мансапты немесе ұлттық компаниядағы менеджерлікті армандауы кездейсоқтық емес.  
Ұлттық мемлекеттерді  саяси және экономикалық одақтарға біріктіру арқылы жүретін аймақтандыру үрдісіне сыртқы күштер әсер етеді. Кедендік Одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясындағы Қазақстан, Ресей және Белоруссияның интеграциясы осы елдердің потенциалын біріктіру арқылы ғаламдық дағдарыспен бірлесіп күресу мақсатын көздейді.
Осы бірігудің аясында Қазақстан серіктес-елдердің ішкі нарығына кіруде кедергілерге тап болуда, әр түрлі мемлекетаралық келісімдердің толық орындалмай жатқанын байқаудамыз. Келіссөздер кезінде қазақстандық шенеуніктер тарапынан бастамашылдықтың  және нық ұстанымның болмауынан жағдай ушығып барады. Отандық бизнес   мемлекет тарапынан сайма-сай және уақытылы жеңілдіктерді ала алмай отыр.  Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлікті қолдауға қатысты шаралары қашанда кешігіп жетеді және де екі ұшты сипатқа ие. Мұның барлығы ұлттық мүддемізге қайшы келіп, еліміздің экономикасына зиянын тигізуде.
 Осындай жағдайда  ТС-БЭК бойынша серіктестер тарапынан мемлкеттік шешімдерді дербес қабылдауымызға және тәуелсіздігімізге қатер төндіретін ұлтүсті парламентін және басқа да құрылымдарды құру қажеттігі туралы ақылға сыймайтын жарамсыз өтініштері оқтын-оқтын жасалып жатыр.     
Соңғы жылдардағы ғаламдық сын қатерлік ахуал  Қазақстанда басқа да мәселелер мен сын қатерлерді туындатып отыр. 
Қазақстандық қоғамда табыс және әл-ауқат деңгейі бойынша жіктелу деңгейі өте жоғары. Кедейлер мен байлардың  арасындағы алшақтықтың артуы әлеуметтік теңсіздікті тудыруда. Жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өте ширығып тұр. Қоғамның тұрмысы төмен бөлігінен шыққан жастар үшін жалпыға бірдей әлеуметтік сатылар жоқ, сондай-ақ еңбек етуде және өмір сүруде де болашақтары бұлдыр.  
Еліміздің экономикасында квазимемлекеттік сектор үлесінің шектен тыс өсу үдерістері жүріп жатыр. Маңызды салаларда мемлекет бақылауындағы холдингтер мен компаниялар үстемдік танытуда. Жеке меншікті қорғаудың абсолютті құқықтық кепілдіктері мен тетіктері жасалмаған, бұл өз кезгінде рейдерлік және кәсіпкерлікті тартып алу оқиғаларына апарып соқтыруда. 
Осының барлығы бәсекелестік ортаны бұзып, шағын және орта бизнестің, кәсіпкерліктің еркіндігіне қатер төндіреді, ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетінің төндеуіне алып келеді.    
Республика аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі арасындағы айырма тереңдеп барады. Елімізідің көптеген ауылдарында, селоларында және шағын қалаларында халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының  халі төмен. Осыған орай әр түрлі аймақтардағы тұрғындар әл-ауқаты жақсы аймақтарға көшуде, ауыл адамдары қалаларға келіп қоныстануда.   Мұнай өңдіретін аймақтарда ең жоғары деңгейдегі жалақыны алушылар негізінен шетелдік мамандар болып тұр. Онда қалайша осы облыстардың жергілікті халқының арасында керісінше, жұмыссыздық пен кедейшілік ең жоғары деңгейде?     
Осындай кері әсерлер азаматтардың (санасын) жемісті еңбек етуге болады және адал жолмен табыс табуға болады деген сенімдерін жоғалтуға себепші болуда, олардың материалдық игілікке деген талпынысын үдетіп, рухани құндылықтарын төмендететін тұтынушылық ойға алып келуде.   
Бірте-бірте халықтың әлеуметтік ахуалы төмендейді.
Бюджеттен аса ірі көлемде қаражат жұмсалып жатқанына қарамастан елімізде тұрғын үй мәселесі шешілмеген, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері және қаржыны есептеу тәртібі күдік тудыртады және де қызу талқыға түсуде. Денсаулық сақтау жүйесі қымбат бағалы құрал-жабдықтарды тықпалап жатса да біліктілік пен адамшылықтан барған сайын жұрдай болып барады.  Қатардағы дәрігерлердің еңбегі мен кәсібилігі басшылық тарапынан сайма-сай бағаланбай келеді. Білім беру саласы ұшы-қиыры жоқ сынақтардың полигонына айналды.  Оқулықтардың сапасы мен білім деңгейі кері кетіп барады. Оффшорллық зоналарды қосқанда, Қазақстаннан шет елдерге  әр түрлі жолдармен, яғни, тендер кезінде бағаны көтеру, «откат» және тағы да басқа түрде орасан зор соммадағы бюджет қаржысы шығарылып жатыр. Сондықтан да жан басына шаққандағы ресми табыс шығысеуропа елдерінің деңгейінде болғанымен, қарапайым қазақстандықтың өмірін «еуропалық» деп айту мүмкін емес.    
 Күдікті табыспен өмір сүріп жатқан тұлғалардың паңданып менменсіген қылығы  қарапайым адамдардың көпшілігінің  көңілін  қалдырып, алдану сезімін оятады, әлеуметтік шиеленістерді қалыптастырады, ұлттық және діни ағымдардың саясилануына алып келеді. Терроризм мен экстеримизмнің көрініс табуы  республикамыздың ұлттық қауіпсіздігіне және тұрақты дамуына айтарлықтай сын қатер төндіруде.   
 Осыған ұқсас жүйелі мәселелердің басты көзі –  үкімет құрылымдары мен жергілікті билік органдарының қызметінде кең көлемде тараған жемқорлық, «көлеңкелі әрекетттер»,  әділетсіздік болып табылады.
Жемқор шенеуніктердің арасынан астыртын әрекеттер мен бопсалауды, мәдениет пен атқарушылық тәртіптің төмен деңгейін, қабылданып жатқан шешімдердің ашық еместігін, бюрократизмді, былықтарды, қарапайым азаматтарға немқұрайдылықпен қараушылықты және сыйламаушылықты,  біліксіздікті байқап жүрміз.  
Экономикалық либерализм және саяси бостандықтар – бір медальдың екі жағы, ол өзара байланысты және бірін-бірі толықтырушы процесстер.  
Экономикадағы жеке сектордың қысқартылуы, бүтін бір салалар мен құрылыстардың мемлекеттендірілуі, кәсіпкерлік бастамашылдықтың төмендеуі  азаматтық қоғамдағы енжарлық пен салғырттақтың өсуіне, мінез-құлықтың тұтынушылық және қамқоршылдық моделінің өсуіне әсерін тигізіп отыр, көптеген адамдар мемлекеттің тағдыры тұр ғой өздерінің жеке отбасы үшін жауапкершілікті алуға моральдық тұрғыдан дайын емес.  
Кәсіпкерлік секторында да осыған ұқсас жағдай орын алуда, мемлекеттік әлеуметтік және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар арқылы саясатты және азаматтық қоғам институттарының көзқарасын білдіретін «мемлекеттендіру» жүріп жатыр, бұқаралық ақпарат құралдарында өз-өзіне цензура қою және тыныштық тенденциясы байқалады.         
Сонымен бірге біздің елімізде өздеріне не қажет екенін жақсы білетін, өз тағдырларын өз қолдарына алып, өмірлік және азаматтық көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын, өз отандастарын жан-жақты қолдайтын және қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген адамдар жеткілікті. Олар отбасындағы, ауылындағы немесе қаласындағы, аймағындағы және еліндегі кез келген мәселелерді шешуге дайын. 
Осындай адамдардың потенциалы мен қажыр-қайратын біріктіру арқылы   жағымсыз тенденциялардың көзін жойып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа кезеңге өтуімізге болады. Бұл жаңа кезең тәуелсіздігімізді алған сәттен бергі қол жеткізген табыстарымызды баянды етіп, мемлекетіміздің әрі қарай дамуына,  әрбір азаматтың  мүмкіндіктерінің  өсуіне,  нәтижелі де бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың дамуына, қоғамымыздың ұлттық мүддесін жүзеге асыруға алғышарттар жасайды.
 
Қазіргі жағдайдағы  «Ақ Жол» партиясының рөлі мен орны  
Партия өзінің болашақтағы саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыт-бағдарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізінде айқындайды.  Сонымен бірге «Ақ Жол» партиясы  саяси біркелкілікке, ұлттық мүдде мен патриотизмге арқа сүйей отырып, ортақ мақсатқа жету үшін  бірқатар шаралар ұсынады.
«Ақ Жол» ҚДП-сының басты мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуы    үшін  оның бостандығы мен құқықтарының сақталуы және қорғалуы, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, сондай-ақ қазақстандық мемлекет пен қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси  ілгерлеуі болып табылады.
Біздің партия – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргесін қалаған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары  болып табылады және   өркениеттің ең үздік жетістіктерін ұлттық мүддемізге үйлестіре отырып,  қазақ қоғамын еуропалық жолмен модернизациялауды өзіне мақсат етіп қояды.     «Алаш» қозғалысының базалық құндылықтары – ұлттық тәуелсіздік, либерализм, демократия, жеке тұлғаның құқығы мен бостандығы, нәтижелі нарықтық экономика, ұлттар мен діндердің теңдігі – бізге бағыт-бағдар көрсетіп келеді.
«Ақ Жол» партиясы өз қызметін  мемлекет пен қоғамды дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне жеткізуге, ұлттық мүддені қорғауға және оның алға басуына септігін тигізуге бағыттайды, олардың рухани және материалдық құндылықтарын, мүдделерін ұлттық және халықаралық деңгейде қорғайды. Ұлттық мүдде өз мемлекетің мен халқыңа, қазақтардың және еліміздегі басқа да халықтардың тіліне, мәдениетіне және салт-дәстүріне  құрметпен қарау, аумағымыз бен конституциялық құрылысымыздық мызғымас беріктігін және экономикалық ұлтшылдық табиғи байлықтарды пайдалануда және Қазақстанның өндірістік әлеуетінде екендігін мойындауға арқа сүйеуі тиіс.
«Ақ Жол» партиясының әлеуметтік тірегі – негізін отандық зиялы қауым мен кәсіпкерлер құрайтын аяғынан нық тұрған және дербес орта тап. Олар мемлекеттің қолдауына иек артпайды, өздеріне берген мүмкіндікті бастамашылдықпен қолданады және өз өмірлерін өздері құрады, өздерінің жеке және жалпыға ортақ игіліктерін арттыра отырып, рухани және  материалдық игіліктерді өздері жасайды. 
Орта топ өкілдері –  жеке меншік иелері мен менеджерлер,инженерлер мен заңгерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер – олар зияткерлік және әлеуметтік салаларда, экономиканың барлық секторларында ұлттық игіліктерді жасауға атсалысады.
«Ақ Жол» демократиялық партиясы ұлттық бизнестің қалыптасуы мен дамуына, қоғам мен экономиканың алға басуы үшін ең өзекті міндеттерді қоюға қабілетті және сол міндеттердің тиімді шешімін таба білетін, техникалық және шығармашылық зиялы қауымға меншік иесі, басқарушы, интелектуал  топ ретінде қолдау көрсетуді  өзінің тарихи миссиясы деп санайды.
Экономикалық дамуда белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, қоғам мен саясаттағы тиісті өзгерістерсіз жаңа сапалы өзгерістерге қол жеткізу мүмкін емес. Осыған орай, «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық деңгейіне сүйене отырып, әлеуметтік-экономикалық модернизацияға иек артқан және де оның процесстерін саяси сала мен мемлекеттік құрылысқа дейін кеңейтетін  жаңа реформаторлық түрлендірулер үшін пісіп жетілді. Мұндай түрлену мемлекетімізді нығайтумен, парламентаризмнің қағидаттарын күшейтумен, үкімет қызметінің ашықтығы мен есептілігін, сөз бостандығы мен бірлесу бостандығын қосқанда кәсіпкерлер мен азаматтардың бостандығын кеңейтумен байланысты болуы мүмкін. Еліміздің саяси және экономикалық тұрақтылығын сақтауда өз жауапкершілігін білдіре отырып, «Ақ Жол» партиясы осы міндеттерді шешу үшін барлық  сындарлы қоғамдық  күштермен тең құқықты диалог жүргізуге қашанда дайын екендігін білдіреді.  
 
Саяси модернизация:
шаралар, өзара іс-қимыл қағидалары және жүзеге асыру жолдары
 
Мемлекеттік билік пен басқару жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқару жүйесінің билік тармақтары бір-бірінен шынайы ажыратылып,  парламентаризм қағидаттарына  басымдық беріліп, Суперпрезиденттік билеу жүйесін кезең-кезеңмен президенттік-парламенттік басқаруға түбегейлі өзгерту арқылы биліктің барлық органдары азаматтық қоғам институттарымен  барынша ашық және толыққанды ынтымақтаста  өзара тиімді әрекеттесу  негізінде жұмыс істеуі қажет.
Қазақстандық қоғам мен мемлекеттің ағымдағы жағдайы, сондай-ақ республика басшысының дамуды көздеген қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтары  мемлекеттік билік пен басқару жүйесін кезең-кезеңімен қайта құруды қажет етеді.
1.            Көп партиялық Парламентті эволюциялық нығайту мақсатында қажетті нәрселер:  
·                саяси партиялар үшін сайлау табалдырығын 7-ден 5 %-ке дейін қысқарту керек;
·               Қазақстан Республикасы Парламентіндегі саяси партиялар фракциясы депутаттарының мәртебесі мен құқығын  реттейтін және қорғайтын заң қабылдау;
·               мемлекеттік қаржыландыру мен мемлекеттік БАҚ-та жариялауды қосқанда Парламенттегі партиялардың мәртебесі мен өкілеттілігін нақты теңдікпен қамтамасыз ету; сондай-ақ оларға  құқықтар беру
·               заң жобаларын дайындау және Мәжілістің қарауына ұсыну;
·               орталық атқарушы органдар жасаған заң жобаларын Үкімет ресми түрде бекітпей тұрып және Парламент Мәжілісіне талқылауға түскенге дейін оған міндетті түрде сараптама жасау;
 
Парламент Мәжілісі республика Үкіметін құруда басты рөл атқаруы тиіс және  оған мынандай өкілеттіліктерді беру қажет:
·               Үкімет құрылымын бекіту;
·               Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелерін, сондай-ақ Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкілді сайлау;
·               Үкіметке сенімсіздік білдіру бойынша мәселелерді талқылауға  және оның жекелеген мүшелерін атқарып отырған қызметінен босату туралы Президенттің алдына мәселе қоюға ұсыныс жасау.
2.            Биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы балансты теңестіру үшін Парламенттің құзыретін күшейту қажет:
·               Парламенттің құзіретіне заңға түсінік беру құқығын енгізу керек, ол үшін құрамында Сенат және Мәжіліс депутаттары бар арнайы комиссия құру қажет; 
·               Парламент депутаттарына өздерінің жеке бастамалары бойынша заң жобаларын дайындауға және енгізуге қатысты мүмкіндіктер беру және  құқықтарын кеңейту; 
·               Парламентке мемлекеттік органдардың қызметіне және оның лауазым иелеріне қатысты, сондай-ақ қоғамдық-саяси резонанс тудырған оқиғаларға парламенттік тыңдаулар мен зерттеулер жүргізу үшін бастама көтеруге құқық беру;
3.            Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатындамыналар қажет:
·               мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және оның лауазым иелерінің  азаматтарға және жеке заңды тұлғаларға сапалы түрде қызмет  көрсетуге барынша бағытталуын қамтамасыз ету;
·                заманауи мемлекеттік менеджменттің және корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы және тиімді стандарттарын, шетелдік тәжірибені ескере отырып, стандарттарын,  құралдарын және технологияларын енгізу қажет.
·               мемлекеттік органдар мен мемлекетпен араласы бар коммерциялық ұйымдардың қызметтерін анық бөлу керек;
·               министрліктермен және ведомствалармен жаңа квазимемлекеттік құрылымдар құруға мораторий жариялау қажет, осымен бір уақытта мемлекеттің қатысуымен әрекет етуші қазіргі кәсіпорындардың кем дегенде 70%-нан мемлекет араласуын тоқтатуы тиіс;  
·               ұлттық компаниялар мен РМК-ларға қатысты барлық ретеуші қызметтерді және осыған сәйкес экономика секторларын Үкіметтің өкілетті мемлекеттік органдарында шоғырландыру; 
·               ұлттық компаниялар мен РМК-ның бюджетін Парламент бекітуін қамтамасыз ету;
·               ұлттық компаниялар мен РМК-ның басқару персоналдары мемлекеттік қызмет жүйесіне ұқсас ашық және тәуелсіз байқау негізінде іріктелуі тиіс;  
 
4.            Үкімет жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында мыналар қажет:
·        Республиканың әлеуметтік-экономикалық саясатының және мемлекеттік бағдарламаларының орындалу  жауапкершілігін толықтай Үкімет пен Премьер-Министрге тапсыру қажет;
 
·          Үкімет ұжымдық жауапкершілікке ие,  ал оның әрбір мүшесі өз жұмысының тиімділігіне және қабылдаған шешімдердің негізділігіне   байланысты Парламент Мәжілісінің алдында жеке жауапты болуын қамтамасыз ету.  
·               мемлекеттің қатысуы бар ұлттық компаниялардағы, ұйымдардағы және кәсіпорындардағы мемлекеттік активтерді басқаруда және олардың басшыларын тағайындауда Үкімет мүшелеріне арнайы жауапкершілік жүктеу;
 
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
 
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру мемлекеттік билік жүйесі басқаруының  бір орталықтан жүргізілмеуіне бағытталуы тиіс, яғни бірқатар өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарына беру қажет, жергілікті маңызға ие істерге азаматтардың және жергілікті қауымдастықтың қатысуын кеңейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың жетекші институты ретінде облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың позициясын күшейту керек. 
Мәслихаттардың рөлін арттыру мақсатында қажет шаралар:  
·          облыстық, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарындағы  депутаттардың  50%  партиялық тізім бойынша сайлауды енгізу; 
·          тұрақты түрде жұмыс істейтін мәслихат төрағасының лауазымын енгізу; 
·                тексеру комиссияларының және мәслихаттың тұрақты комиссияларының басшыларын тұрақты негізге көшіру;
·          тұрақты түрде жұмыс жасайтын мәслихат депутаттарына депутаттық қолсұғылмаушылық құқығын беру; 
·          мәслихаттарға жергілікті бюджеттің орындалуын және жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау тетіктерін беру;
·          әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес аумақтағы коммуналдық қызметтердің тарифтерін бекітуді мәслихаттың құзіретіне енгізу;
·          мәслихаттың тұрақты комиссияларына  осы комиссияның құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды тыңдау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның лауазым иелерін шақыру құқын беру;
·          мәслихатқа әкім орынбасарларын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган басшыларын лауазымдарынан босату құқығын беру;
·          аудандық маңызға ие қалалар, ауылдар (село) және ауылдық округтар әкімдерінің аудандық мәслихат  депутаттары  алдында есеп беруінің  тетігін және тәртібін заң жүзінде бекіту.
·           Мәслихаттардағы саяси партиялардың депутаттық фракцияларының құқығы мен құзіретін өкілдікті органдардың тұрақты комиссияларының дәрежесімен  теңестіру; 
 
·          Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өз сайлаушыларының алдында атқарған жұмыстары бойынша міндетті есеп берудің тәртібі мен тетіктері заңмен бікіту;
·     облыстардың, Алматы және Астана қалаларының тәртіптік кеңестерін  тиісті мәслихаттардың алдында есеп беруін қамтамасыз ету; 
 
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында қажет шаралар:
·               аудандық маңызға ие қалаларда, поселоктарда, ауылдарда (селолар) және ауылдық (селолық) округтарда жергілікті халықтардың жиналысы мен жиындарына жергілікті әкімдердің қызметіне қоғамдық бақылау тетігін беру арқылы өзін-өзі басқарудың қоғамдық институттарының мәртебесі мен өкілеттілігін кеңейту; 
·               жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін құру және оны пайдаланудың тәртібін нақты реглменттеу;
·               аудандық маңызға ие қалалардың, поселоктардың, ауылдардың (селолар) және ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің өздеріне қарасты ұйымдар мен мекемелерге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша   қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен реттеуді қамтамасыз ету.
 
Азаматтық қоғам мен оның институттарын дамыту
 
Азаматтық қоғамды алға қарай дамытуда және мемлекет пен оның арасындағы қарым-қатынаста серіктестік пен  сындарлықты қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажет;
1. Мемлекет пен азаматтық қоғамның және оның институттарының арасындағы өзара қарым-қатынасты заңмен бекітіп, келесі қағидаттарды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажет. 
• мемлекет азаматтық қоғамның толыққанды дамуы үшін және оның институттарының жұмыс істеуі үшін, оның ішінде олардың қызметіне толыққанды бақылауды жүзеге асыра отырып, қажетті құқықтық жағдай жасайды; 
 • мемлекетке заңда белгіленген іс-әрекеттердің барлығын жасауға, ал азаматтарға заң тыйым салмаған іс-әрекеттердің барлығын жасауға рұқсат берілген; 
 • азаматтық қоғам мен мемлекет дамуды қамтамасыз ету мақсатында  бір-бірімен серіктестік, теңқұқықтық, сындарлылық, ашықтық, ақылдасу, өзара түсіністік таныту, бір-бірін құрметтеу және бір-біріне жауапкершілікпен қарау негізінде бірлесіп жұмыс жасайды;   
• мемлекет азаматтық бастамалардың өсуін және жүзеге асуын ынталандырады, сондай-ақ объективті, адал, ашық және теңқұқықты байқаулардың аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық маңызды және пайдалы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға азаматтық қоғамның институттарына қаржылай көмек береді.
2. Азаматтардың бірлесу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қажет шаралар:   
 
·                   саяси партияларды, кәсіби одақтарды және басқа да қоғамдақ бірлестіктерді, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары және өкілдіктері) әділет органдарында тіркеу және қайта тіркеу рәсімдерін жүргізу барынша жеңілдетілуі тиіс және тіркеу сипатында ғана болуы керек.
·                   кез келген партияның міндетті минималды мүшелер санын 40 мыңнан 10 мың адамға дейін қысқарту қажет, ал аймақтық филиалдар мен өкілдіктерде – 700-ден 200 адамға дейін.
·                   қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар үшін тіркеу жиынының мөлшерін 6,5 АЕК-тен (МРП) 3-ке дейін төмендету, ал саяси партиялар үшін 14 АЕК-тен (МРП) 7-ге дейін азайту керек.
·               заңды тұлға болып табылмайтын жоғарыда айтылған қоғамдық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінен тіркеу жиынын төлетпей-ақ есептік тіркеу мен  қайта тіркеу жүргізу қажет. 
3. Саяси партиялардың респубикамыздың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін күшейту мақсатында қажет шаралар:
·               олардың өкілдеріне учаскелік, аумақтық және округтық сайлау комиссияларының жұмысына қатысуды қамтамасыз ету;
·               оларға мемлекеттік БАҚ-қа тең шығу құқығын беру.
·                Саяси партияларды жабу рәсімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен жүзеге асыру;
·               саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдар өкілдерінің респубикалық және жергілікті маңызға ие өзекті мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар мен пікірлер дайындау үдерісіне қатысу тәжірибесін кеңейту қажет, яғни қоғамдық немесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жанындағы жұмыс топтарының, сарапшылар кеңесінің қызметіне қатысу аясында  әлеуметтік маңызды бағдарламалардың жобасына және басқа да ресми құжаттарға сараптама жүргізу.
 
4. Үкімет пен парламент көпшілігінің саясатына қарсы шығатын Парламент  депутаттары мен саяси партиялардың құқығын регламенттейтін және қорғайтын «Парламенттік оппозиция туралы» заң қабылдау.
 
АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
 
Қазақстанды дамытудағы маңызды мақсат – оның азаматтарының тұрмыс жағдайының жақсаруы және әлеуметтік ахуалы болуы қажет. Ол үшін әрбір адамға нақты мүмкіндіктер беріп, оның өмірлік болашағын жасау арқылы, ашық әлеуметтік және экономикалық саясат құрып,  бүкіл қоғамды өнімді еңбекке тарту арқылы, бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты қысқарту арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Осыған орай мемлекет қызметінің маңызды бағыты кәсіпкерлер қауымдастығы мен азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықта болып, адамдардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына, шығармашылық дамуына, жоғары өнімділікпен еңбек етуіне молынан мүмкіндіктер беру,  білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау желісі бойынша оларды баспанамен, сапалы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету.
 
Еңбек ресурстарын арттыру және нығайту
Жекеменшіктің кез келген түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысшыларын әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіп, еңбек жағдайын жақсарту үшін, халықты жұмыспен қамтуда барынша мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында қажет шаралар:
· халықты еңбекпен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін мемлекет шығыстарының үлесін еліміздің ЖІӨ 1% дейін арттыру;
·               жұмыссыздықты жою, әрбір еңбекке жарамды азаматты жұмыспен және еңбек табысымен қамтамасыз етуге Қазақстанның экономикалық әлеуеті жеткілікті. 
·               Мемлекет төлейтін қоғамдық жұмыстар тәжірибесін кеңейту;
·               Жаңа жұмыс орнын ашу бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекет тарапынан ынталандыруды қамтамасыз ету;
·               Мемлекеттік грант бойынша оқыған жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуде  мемлекетті заң жүзінде міндеттеу;
·               Білім беру жүйесі мен еңбек нарығын өзара байланысты білім беру және кәсіби стандарттар арқылы байланыстыруды қамтамасыз ету;
·               Еңбек мигранттарының нарығын қоса есептегенде еңбек нарығын легализациялау үшін қосымша ынталандырулар жасау;
·               Нақты жұмыссыздықты «өз-өзін жұмыспен қамтушылар» деген терминмен жасыруды доғарған жөн, оларға мемлекет тарапынан құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беру жағын қамтамасыз еткен абзал;
·               Республиканың еңбек нарығының жағдайына сәйкес шетелдік жұмысшы күшін тартуға мемлекеттік квота берудің икемді жүйесін енгізу қажет;
·               шетелдік капиталдың қатысы бар кәсіпорындарда жоғары еңбек ақыны қосқанда қазақстандық жұмысшылардың мүддесі мен құқығына басымдылық беруді қамтамасыз ету керек;
·               ең аз еңбек ақының мөлшерін азық-түлік себеті құнының өсуіне сәйкес жүйелі түрде өсіріп отыруды қамтамасыз ету;
·               мұғалімдерді, дәрігерлерді, ғылым мен мәдениет өкілдерін қоса есептегенде  бюджет саласы қызметкерлерінің еңбек ақысының мөлшерін лайықты деңгейге дейін көтеру;  
Еңбек еткен адам кедей болмауы тиіс!