22
Сәуір

«Ақ жол» ауылдық азаматтардың мемлекеттен тұрғын үй алудағы конституциялық құқықтарын қорғайды - 'Қазақ үнi' газеті

Казак yнi (Алматы), № 15 (624), 15.04.2014
«Ақ жол» партиясы ауылдық жерде туратын азаматтардың мемлекеттен тұрғын үй алуға конституциялық құқықтарын қорғайды. 1 сәуір күні Мәжілістің пленарлық отырысында Светлана Қадралиева ҚР экс-премьер-министрі Серік Ахметовтың атына тиісті депутаттық сауалды жария еткен еді.

Онда 2012 жылғы 21 маусымдағы «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы туралы сөз болды.

«Өңірлердің жоспарларын талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда Бағдарлама шеңберінде тұрғын ұй салу негізінде қалаларда және облыс орталықтарында іске асуда. Іс жүзінде, ауылдық жерлерде тұрғын үйге мұқтаждарды үймен қамтамасыз ету туралы мәселе ұмыт қалған және ауылдық жерде тұратын азаматтардың мемлекеттен тұрғын үй алуға конституциялық құқықтары жүзеге аспай отыр, - деп атап өтті С.Қадралиева. Сонымен бірге, Конституцияның 14-ба-бымен азаматтардың барлығына, олардың тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқығы бар деп кепілдік береді. Ауылдық жерлерде осындай жетім балалар, көпбалалы аналар, ардагерлер, үйлері апаттық жағдайда тұрғандар өмір сүреді».

«Ақжолдықтар», бұл мәселе ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуде ғана емес, онда жастарды тартумен ауылдың өзін сақтап қалу - «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сияқты басқа бағдарламалардың мақсатты көрсеткіштерін іске асыруға әсер етініне сенімді.

«Ауылдық округ әкімінің балансында бір де бір ғимарат болмаса, қалайша жас мамандар ағылып барады деп айтуға болады? Бізде осындай да ауылдық округтер бар емес пе, - деп айтылады сауалда. - Статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне сәйкес, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету қалалық жердей анағүрлым төмен, ауылдағы тұрғын үйлердің 63 %-ның жасы 30 жылдан асып тұр».

С.Қадралиева Швецияның, Финляндияның және бірқатар дамыған шетелдердің тәжірибелерін келтірді, онда осы елдердің үкіметі жергілікті органдармен бірлесе отырып ауылдықтар үшін қолжетімді тұрғын үй салумен шектелмеген, сонымен бірге, пәтер жалдаушы емханаға, мектепке, шалғайдағы пошта бөлімшелеріне және өзге

әлеуметтік қызметтерге жұмысқа тұрған жағдайда, сондай-ақ көпбалалы отбасылары үшін де, пәтерді олардың меншігіне тегін беруді кеңінен қолданады.

«Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына сәйкес, жуық арада Қазақстанда жалпы аграрлық-инновациялық кластерді дамытумен және осы мақсатта қомақты қаржы бөлумен ауылшаруашылығын дамытуға айрықша көңіл аударылатын болады. Ауыл тұрғындарының қолдауынсыз бұл бағытты толыққанды жүзеге асыру мүмкін емес» - деп есептейді «Ақ жол» партиясының депутаттары және ауылдық жерлерде «Қолжетімді тұрғын үй 2020» Бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

«Ақ жол» КДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.