19
Наурыз

«Ақ жол» партиясы жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін субсидияны сақтауды талап етеді

19 наурыз  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Жұмыс істеп тұрған ауылшаруашылығы кәсіпорындары үшін субсидияны сақтау қажет – бүгін бұл туралы Светлана Қадралиева Мәжілістің пленарлық отырысы барысында, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың атына фракцияның депутаттық сауалын жариялай отырып мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында атап көрсетілгендей,   Қазақстан ет, сүт және басқа ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау мәселесі стратегиялық құжат тұрғысынан айрықша өзекті және маңыздылыққа ие болып отыр», - дейді С.Кадралиева.
А.ж. қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қарастырылады. Инвестициялық салынымдарды жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндірістік қуатты ұлғайтуға бағытталған шығыстар деп білеміз, яғни бұрынғы жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ, пайдалануға беруге дайындалып жатқан кәсіпорын да субсидиялауға жатады.
Алайда, қолда бар ақпараттар бойынша Үкімет бекітетін агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау Ережесінің жобасында тек жаңа салынған ауылшаруашылық кәсіпорындарды ғана субсидиялауды қарастырады.
«Ақ жол» партиясында мұндай қағиданы әділетсіздік деп есептейді, себебі соңғы 5-7 жылда едәуір ақшалай қаржымен инвестицияланған ауылшаруашылық кәсіпорындары алдын ала  жосықсыз бәсекелестік жағдайында қалып қояды.
«5-7 жыл бұрын салынған кәсіпорын сапалық және материалдық жағынан ескірген болып табылмайды және оларға бірінші кезекте мемлекет тарапынан қолдау қажет. Бұл кәсіпорындар несиелер алды, олар бойынша аса жоғары пайыздар төледі, негізгі қарызды жапты, өздерінің несиелік қарыздарын 25 %-ға өсіріп, екі девальвацияны бастан өткізді», - деп атап көрсетті  С.Қадралиева. – Бірақ, олар соның өзінде жұмыс орындарын сақтады, салық төледі, импорттың үлесін елеулі қысқарта отырып,  еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз үлестерін қосты.
«Ақжолдықтар» еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі, импортты ауыстыру пайдалануға берілген ауылшаруашылық кәсіпорындарының  қуаттарының толық жүктемесін сақтаған жағдайда ғана мүмкін екеніне сенімді.
 Фракция депутаттары жұмыс істеп тұрған ауылшаруашылық кәсіпорындарын субсидиялауды сақтауды талап етеді, және үкіметті осы мәселені агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау Ережелерінде белгілеуді сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық ауылшаруашылығы өндірушілерінің  мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.