10
Сәуір

«Ақ жол» ҚДП фракциясының кезекті отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан тағайындалған депутаттар қатысты

10 сәуір 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
А.ж. 8 сәуірде «Ақ жол» ҚДП фракциясының кезекті отырысына ҚазақстанхалқыАссамблеясынан тағайындалған депутаттар: Е.Я. Каппель, Н.Д.Нестеров, З.А. Саяпова, Ю.Е.Тимощенко  қатысты. Отырыс дәстүрлі түрде – өңірдегі партия филиалдарының қатысуымен бейнеконференцбайланыс режімінде өтті.
А.ж. 28 наурызында осы депутаттық топпен және фракция арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін,  ҚазақстанхалқыАссамблеясынан тағайындалған Мәжіліс депутаттары «Ақ жол» фракциясының отырыстарына қатысуға шақырылған болатын.
ҚазақстанхалқыАссамблеясы – заңшыраушылық жұмысты қоса алғанда, еліміздің қоғамдық өміріне барлық ұлыс пен ұлт өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ететін бірегей институт.
Ассамблеядан тағайындалған депутаттардың партиядан-тыс мәртебесі, оларға саяси жағдаяттарды емес, ал парасатты ой және жеке көзқарастарын  басшылыққа алуға мүмкіндік береді, бұл қазіргі көп партиялы Парламентте өте маңызды. ҚХА-нан тағайындалған депутаттар дәл осы принципті негізге ала отырып, біздің ұсыныстарымызды қолдағандары жайлы мысалдар жеткілікті» - деп атап өтті демократиялық фракцияның төрағасы Азат Перуашев.
Отырыс барысында: депутаттық сауалдарды бөлу және мәтіндерін бекіту, келесі пленарлық отырысқа сауалдардың тақырыбын бекіту, бірқатар заң жобалары бойынша депутаттардың ұстанымдарын келісу, 2-ші оқылымда талқылауға  шығарылатын – Қылмыстық кодекс, қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы әрекеттер жөнінде және т.б. фракция жұмысының ағымдағы мәселелері қаралды.
«Ақ жол» ҚДП ОК Президиумының мүшесі Бөріхан Нұрмұхамедов партияның жаңа бағдарламасының жобасының дайындығы туралы хабарлады, ол жобаны әзірлеу бойынша жұмыс тобына жетекшілік етеді. Орталық кеңестің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов депутаттарды және филиалдарды бағдарлама жобасын талқылау бойынша ОК пленумы а.ж. 26 сәуірде Алматы қаласында өтеді деп хабарлады.
Отырыс барысында бейнебайланыс арқылы «Ақ жол» ҚДП мүшелері және Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстарынан және Алматы қаласынан филиал жетекшілері сөз сөйледі. Сөйлеушілердің арасында қазақ, орыс, ингуш, украин және өзге ұлт өкілдерінің болғаны есте қалады.
«Біз үшін партияның саяси бағдарламасын талқылауға қатысу үлкен құрмет. Қазақстанның азаматы, Сіздің әріптесіңіз ретінде айтқым келгені –Сіздің сұрақтарыңз қандай қарапайым, Азат Тұрлыбекұлы! Осы жерде іс жүзінде күнделікті айтылып жүрген мәселелердің барлығы да айтылды. Сіздің фракция бірегей және фракция отырысына барлық өңірлердің қатысатыны қандай керемет. Ең бастысы – бүгін ұлтаралық татулық мәселесінде біз сізбен біргеміз», - деп Мәжіліс депутаты Егор Каппель «ақжолдықтарға» алғысын білдірді.
Демократиялық партияның басшылығы ҚазақстанхалқыАссамблеясынан әріптестеріне алдағы уақытта шақыруды күтпей, фракцияның кезекті отырыстарына ұдайы келіп қатысуларын ұсынды.