Депутат Дания Еспаева Ақтөбе өңірінде болып қайтты

» Санат жоқ » Депутат Дания Еспаева Ақтөбе өңірінде болып қайтты

10.07.2017, 00:00

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жыл.10 шілде.

4 шілде күні Дания Еспаева Ақтөбе облыстық ‘Ауыл шаруашылығын қаржыландыру’ қорында болып, сайлаушылар, ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында, ауыл шаруашылығын қаржыландыру барысында кездесетін қиындықтар, заңның үйлеспейтін, кедергі келтіретін тұстары сөз болып, шешу жолдары туралы ұсыныстар айтылды.
 
       Сонымен қатар, ол Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында орналасқан, Ақтөбе облыстық, ‘Ауыл шаруашылығын қаржыландыру’ қоры арқылы қаржыландырылған ‘Байнасай-Агро’ шаруашылығы жұмысымен танысып, қаржыландырудың пайдалы  және кемшілік тұстарын талқылап, өз көзімен көріп қайтты.
 
         Дания Еспаева сондай-ақ, Ақтөбе қаласы маңында, ‘Нұрлы жер’ бағдарламасы бойынша салынып жатқан шағынауданда болып, құрылыс жоспарымен, салынып жатқан үйлердің сапасымен танысып,  құрылыс барысында кездесетін кедергілер мен оларды жою туралы құрылысшылардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

 
Ал, 5 шілде күні ол Ақтөбе облыстық филиалы белсенділерімен кездесіп, Мәжіліс отырыстарында қаралған заң жобалары мен шешімдер туралы есеп беріп, белсенділердің сұрақтарына жауап берді. Партия белсенділері, ‘Сот орындаушылары туралы’ заң жобасы, ‘Міндетті медициналық сақтандыру’, және ‘Зейнетақы қоры’ мәселелері туралы алаңдаушылық білдіріп, мазалаған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты. Кездесу соңы сайлаушылардың жеке сұрақтарымен жалғасты.