Депутат Азамат Әбілдаев жұмыс іс-сапарымен Жамбыл облысында болды

» Санат жоқ » Депутат Азамат Әбілдаев жұмыс іс-сапарымен Жамбыл облысында болды

05.05.2014, 00:00

5 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
2-3 мамыр күндері Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Азамат Әбілдаев Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жұмыс іс – сапарымен болып, осы аталған ауданның орталығында аудан әкімшіліктері қызметкерлерімен, аудандағы «Ақ жол» партиясының активімен, шаруа қожалықтары және жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізді.
2 мамыр күні Азамат Әбілдаев Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен Мойынқұм ауылында өткен ауыл-шаруашылығы көрмесінде болып, шаруа қожалықтарының шешілмей жатқан мәселелерін талқылап, оларды шешуге өз көмегін ұсынды. Содан кейін Мойынқұм ауылында жаңадан соғылып жатқан спорт комплексінің кешенін көріп, құрылысшылармен кездесті. Осы кездесуден кейін Азамат Әбілдаев аудандық су қоймасының жұмысымен танысып, ары қарай Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, осы ауылда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналып соғылған ескерткіштің ескіріп кеткенін көріп, осы ескерткішті реставрациялауды өз мойнына алды.
3 мамыр күні депутат Азамат Әбілдаев Мойынқұм ауданының әкімі Болат Мәдікеновпен ауданның Құшаман және Ұланбел ауылдарындағы мал шаруашылығы қожалықтарын аралады. Малшы ауылдардың хал жағдайымен, әл – ауқатымен және мал жағдайымен танысқан депутатқа малшылардың қойған сұрақтары өте көп болды. Негізгісі – несие алудың және ауылшаруашылық министрлігінің мал шаруашылықтарын қолдауға арналған қаражатты (субсидия) алудың қиындықтары туралы болды. Азамат Әбілдаев осы айтылған мәселелерді Парламент Мәжілісінің отырысының тыңдауына жеткізетінін және бұл сұрақтар «Ақ жол» партиясының фракция депутаттарының қадағалауында болатынына уәде берді және мал шаруашылығы қожалықтарын құру жолдарын айтып, өз ойларын ортаға салды.