11
Мамыр

Санат жоқ 11.05.2014

Ақ жол ҚДП Қызылорда облыстық филиалы «Тағзым алаңында» өткен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

11 мамыр 2014 жыл, «Ақ  жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі
Ақ жол ҚДП Қызылорда облыстық филиалы «Тағзым алаңында» өткен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Мейраммен қала тұрғындарын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады: «Кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Өйткені, майдангерлерге деген құрмет – ата-баба рухына құрмет, тарихқа тағзым», - деді аймақ басшысы.
Одан кейін «Мәңгілік алау» мемориалына «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының қызметкерлері гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, «Ақ  жол» ҚДП облыстық филиалының қызметкерлері мен жас белсенділері  мерекеге жиналған облыс және қала тұрғындарына соғыс жылдары қаза тапқан ата-бабаларымыздың аты-жөні жазылған көк лента таратты. Көпшілік партияның бұл бастамасын мақұлдап, оң көзқарас танытып, қуанышпен, құрметпен омырауларына тақты.