12
Мамыр

Санат жоқ 12.05.2014

Ұлы Жеңістің 69-жылдығын Маңғыстау облысы салтанатты деңгейде аттап өтті

12  мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі. 
9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 69-жылдығын Маңғыстау облысы салтанатты  деңгейде аттап өтті. Мерекелік шара алдымен Ұлы Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің ескерткіштеріне, яғни «Мәңгілік алау»  тағзым отына   гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Бұл рәсімге «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ж.Матаев, Партия мүшелері А.Исмагулов,  А.Сейдмұрадова, К.Сержан және ауған соғысы ардагерлері Б.Мамедов, Б.Ысқақов, Ю.Владимирович, М.Дәуітбаевтар  қатысып қайтты.
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.  Ресми рәсімнен кейін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев сөз алып,  Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және  барша Маңғыстау жұртшылығын  Жеңістің 69 жылдығымен  шын жүректен құттықтады. Облыс әкімінің құтықтауынан кейін соғыстың бір сәтінен үзінді ретінде қысқаша қойылым көрсетіліп, соңы мерекелік-концерттік шараға ұласты. Осы мерекеге «Ақ жол»  ҚДП арнайы дайындаған  Кеңес Одағы қазақ батырларының  есімі жазулы ленталар таратылды.

            
             «Ақ жол» ҚДП МОФ белсенді мүшесі Сейдмурадова Айгерімнің  «Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы  төрағасы  Қамбар Жеткізгенге мерекелік лента тағу сәті. 


             
             09.05.2014 ж. «Ақ жол» ҚДП МОФ төрағасы Ж. Матаев Ауған соғысының ардагерлерімен бірге.