«Ақ жол» ҚДП қатысты кезекті арандатушылық – партияның интернет сайты бұзылды және істен шығарылды

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол» ҚДП қатысты кезекті арандатушылық – партияның интернет сайты бұзылды және істен шығарылды

14.01.2014, 00:00

14 қаңтар  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының интернет сайты белгісіз біреулермен бұзылды және істен шығарылды –  бұл туралы ҚДП-ға сайттың провайдері «PS интернет-компаниясы» ЖШС хабарлады.

Бұл ақпараттық арандатушылықтың  нәтижесінде сайттағы «Ақ жол» партиясының ағымдағы қызметі туралы, көкейтесті мәселелер бойынша партия мүшелерінің 2013 жылдың  соңынан бастап, соңғы бастамаларын және сөздерін қоса алғанда,  материалдары оқшауланып отыр.

Осы шабуылдан «Ақ жолға» саяси және ақпараттық нұқсаннан басқа, қаржылай   шығындар да келтірілді.

Бұған байланысты  «Ақ жол» партиясы ІІМ-не қаскүнемдерді анықтау және партияға келген едәуір зиянды  қалпына келтіру бойынша үндеухат жолдады. Онда «Қазіргі жағдайда «Ақ жол» ҚДП сайты жұмыс істеуге жарамайды. Партияға жаңадан сайт құру қажет, бұл бірнеше миллион теңге болады», – деп көрсетілген.

Партияда, интернет-жіберілімдеріндегі жалған «тәубе хатын»,  2012 жылы партия төрағасына қарсы  сәтсіздікке ұшыраған сот процестерін, партияның заң қызметі жетекшісінің автокөлігіне қышқыл төгуді,  Амантай қажы және Жуланова ханымның орынсыз айыптарын, және тағы басқаларын қоса алғанда, бұл арандатушылықты оның ұстанымдарына шабуылдардың тізбегінің кезекті буыны ғана болып табылады деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, партия Орталық Кеңесінің президиумы мұндай әрекеттердің ең алдымен «Ақ жол» ҚДП-ның Парламенттегі беделінің өсуімен, көтерген мәселелерінің өзектілігімен және қазақстандықтардың сенімінің ұлғаюына байланысты туындап отырғанына сенімді. Белгісіз партияға қарсы осыншама қиян-кескі, лас тәсілдерге дейін қолданып ешкім де күреспес еді ғой.

«Бүгінгі таңда «Ақ жол» ҚДП  қоғамда салмағы бар, бизнес-ортада және мемлекеттік органдарда абыройлы, байыпты саяси және жариялы ресурсқа айналып келеді. Сондықтан да, партияға ықпал ету әрекеттері де ұлғаюда», – деп есептейді партияда.