11
Мамыр

Санат жоқ 11.05.2014

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 9 мамыр жеңіс күніне арналған іс-шара өткізді

11 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 69 жылдығына орай мамыр айының 7-сі күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Соғыс ардагерлерін құттықтау дәстүрлі түрде өтетін шара. Жылдар өте келе кейбір ардагерлер салтанатты іс-шараға, жауынгер достарымен кездесуге мүмкіндігі болмай жатады. Сондықтан қызметкерлер олардың үйлеріне баруға тура келеді.
Қан майданда жүріп Отан алдындағы борышын өтеп келген Мухачев Василий Афанасьевич, Котерев Василий Иванович, Ташбулатов Таджимурат, Әтемов Өмірзақ, Жармаханбетов Кребексынды азаматтар соғыс жылдарында басынан кешкен оқиғалары жайында еске түсірумен қатар, сұм соғыстың сойқанында мерт болған достары жайында естелік айтты.
Кездесу барысында ардагерлерге арнайы  дайындалған ақшалай сыйлықтар табысталды.
 
 
 

9 мамыр күні Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы аппаратының қызметкерлері салтанатты іс-шараға қатысты.

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік полк» акциясы өтті. «Ақ жол» партиясының ОҚОФ осы іс-шараға қатысып, Абай саябағындағы Даңқ обелискісіндегі мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.