06
Мамыр

Санат жоқ 06.05.2014

Депутат Талғат Ерғалиев Маңғыстау облысында

6 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев, «Ақ жол» ҚДП МОФ төрағасы Ж.Матаев, партия төрағасының орынбасары Ж.Есқалиев және «Нұр-Отан» ХДП МОФ төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарушы Ж.А. Демеев «Ақтау-Теңіз порты» жұмысымен танысу мақсатында аталған мекеме басшылығымен кездесті. Ақтау ХТСП «ҰК» АҚ  президенті М.Ю.Ялбачев  бүгінгі таңдағы порт жұмысымен таныстырып өтті. «Ақтау теңіз порты» еліміздің инфрақұрылымдық жобаларының қарқынды дамуына ерекше ықпал етіп отыр. Бұл орайда импортты алмастыру, жоғары технологиялар және басқа салаларда жоғары жетістіктерге жетуге болатындығына бүгінгі порт әлеуетіне қарап сенім білдіре аламыз. Порт жаңа маршруттарды ұлғайтып, бағаның төмендеп әрі тасымалдың көбеюіне ықпал ететіні, сөйтіп Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына қосылуына өзіндік үлес қосатындығы сөзсіз. Ақтау теңіз порты Қазақстан экономикасының негізгі тірегі болғандықтан мұндағы қордаланған мәселелер шешімі кезек күттірмейтіндігін баса айтты. Негізінен порт арқылы мұнай өнімдері тасымалданатындықтан Каспий теңізіндегі техникалық қауіпсіздіктер қатаң сақталып, экологиялық мәселелерге де қатты көңіл бөлінеді. Кедендік бақылау және шекара мәселесі жөнінде де біршама мағлұматтармен таныстырып кетті. Порт жұмысына қазіргі таңда кадр жетіспеушілігі, оларды шет мемлекеттен алдырту (құжат дайындауға уақыт кететіні), кемелерден техникалық ақаулар шықса қосымша  жөндеу құралдарын алдыртуға уақыт жоғалтатындығын айтты.
Келесі кездесу жергілікті кәсіпкерлермен өтті. Онда жеке кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде жауап алды. Жеке кәсіпкер И.Жақсымбетов өз  шаруашылығы үшін Маңғыстау облыстық «Даму» қорына құжаттар жинақтаған. Жинақталған құжаттардың ұзақ мерзімге созылып кетуі және құжаттың көптігі себебінен аяқсыз қалған. Құжат жинаудағы келеңсіздіктерді дұрыс жолға қоюды ұсынды. Қ.Аралбаев елді мекендерге кәсіпкерлік  туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары дұрыс жеткізілмейтіндігін баса айтты.  Тағы да бір жергілікті кәсіпкер балабақша салу жұмысына «Даму» қорынан қаржылай көмек алу үшін, тиісті құжаттар жинақтағаннан кейін (үш ай өткенде), балабақшаны  жеке кәсіпкерліктен ЖШС-ке өткізу қажет екендігін айтады. Ал аталған құжаттарды қайтадан жинастыру оңай емес.
Депутат Талғат Ерғалиев Мұнайлы ауданының әкімі Е. Әбіловпен кездесті. Кездесу барысында Мұнайлы ауданының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі, экономикалық-әлеуметтік ахуалы, кәсіпкерліктің дамуы және аудандағы оралмандардың жағдайы туралы көптеген мәселелер айтылды. Аудан әкімі болашақтағы жүзеге асырылатын іс-жоспарлар туралы, аудан көлеміндегі қордаланған мәселелердің оң шешімінің табылып жатқаны және де көшіп келуші оралмандар санының  жылдан-жылға арта түскендігін баса айтты.  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының мүшесі Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы жергілікті тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелерге тоқталып өтті.
Соңғы кездесу Маңғыстау облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төрағасы   Б.Өтепбаевпен өтті. Кездесу барысында Б.Өтепбаев «Даму» қорының қазіргі таңдағы  атқарылып жатқан жұмысы және болашақтағы іс-жоспары туралы толықтай мағлұматтар берді. Өңірдегі кәсіпкерліктің дамуы, үгіт-насихат жұмыстары және жұртшылықпен байланыс туралы түсіндіріп өтті. Содан кейін «Даму» қорының жұмысымен таныстыру мақсатында ғимаратты аралап, жұмыс барысын көрсетіп, қосымша ақпараттар берді. Жобаларды жүзеге асыру, қаржылай көмекті алу жолдары, жинақталатын құжаттар туралы қосымша мәліметтер беріп, көптеген сұрақтарға жауап берді.