‘Ақ жол’ мемлекет тарапынан тұрғын үй мәселесін шешу кезіндегі делдалдықты жою және ‘Қол жетімді тұрғын үй 2020’ мемлекеттік бағдарламасы бойынша бір жылдың ішінде іске қосылатын тұрғын үй санын көбейту жағына қайта қарауды ұсынады – ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » 'Ақ жол' мемлекет тарапынан тұрғын үй мәселесін шешу кезіндегі делдалдықты жою және 'Қол жетімді тұрғын үй 2020' мемлекеттік бағдарламасы бойынша бір жылдың ішінде іске қосылатын тұрғын үй санын көбейту жағына қайта қарауды ұсынады - ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал

14.05.2014, 00:00

14.05.2014 жылы жарияланды
 
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі 
К.Қ. Мәсімовке
 
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Кәрім Қажымханұлы!
 
          Қолжетімді тұрғын үй әрбір қазақстандық үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс, бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы» Жолдауында да көрініс тапқан.
          Бұл  мақсатта мемлекетпен «Қолжетімді тұрғын үй 2020»  Бағдарламасы іске асырылуда.
          Өңірлік даму министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі күні кезекте тұрғандардың саны 268 мың  отбасына  жуық.
           2012 жылы кезекте тұрғандардың саны 147 мың азаматқа жеткен.
          Басқаша айтқанда, бір жарым жылда кезекте тұрғандардың саны 80%-ға өскен!
          Мәселенің өзектілігі аталған салада әртүрлі айла-шарғылар жасауға әкеледі, кезектің ұзаққа созылып кететіндігі немесе мүлдем жылжымайтындығы туралы шағымдардың   депутаттарға өте көп түсетіні  кездейсоқ емес. 
          Дегенмен кезекте тұрғандардың саны өсіп келеді және бұл мемлекеттен үй алуға құқы бар азаматтар ғана.
Шындығында, тұрғын үй мұқтаждығынан арылып, жағдайын жақсартқысы келгендердің саны әлдеқайда көп. Ең оптимистік есеп бойынша осы қарқынмен қазіргі кезекте тұрғандардың өздері де 2020 жылға дейін үй ала алмайды.
«Қолжетімді  тұрғын үй 2020» бағдарламасы бойынша 62 млн.шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр, бұл шамамен 1 млн. пәтер.
          Бұл тұрғын үйлердің тек 17% ғана мемлекеттің салуы жоспарланған және кезекте тұрғандардың бәрі осыған ғана үміт арта алады.
          Алайда іс жүзінде мемлекет ешқандай құрылыс салмайды, тек қана жеке меншік компаниялардан пәтерлерді сатып алады не оларға әлеуметтік үйлердің құрылысы үшін Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі және Қазақстанның ипотекалық компаниясы АҚ (КИК) сияқты ұйымдар арқылы әлеуметтік үй құрылысына тапсырыс береді.
          Бұл арада жұмсалуға тиісті бөлінген қаражаттың өсуінің орнына оның қысқартылуы белең алып тұрғанын айту керек. Мысалы:
          – 2013 жылы Қазақстанның ипотекалық компаниясы АҚ-ының (КИК)  жарғылық капиталын өсіруге 25 млрд.теңге салынса, оның енгізілгені 15 млрд. теңге ғана.
          – 2014 жылы 26 млрд.теңгеге  көбейту жоспарланса, оның орындалғаны 14 млрд. теңге.
          Мемлекеттік бағыт бойынша тұрғын үй салу көлемін жете қаржыландырмау және қысқартудың  болып жатқаны анық.
          «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банк» АҚ жүйесіндегі қалыптасқан проблемалар туралы «Ақ жол» партиясының депутаттары соңғы бір жарым екі жыл көлемінде көтеріп келеді, ал өткен жылы бұл жағдай Мемлекет басшысының әділ сынына ұшырады және қазіргі күні  «жіберген қателіктерімен жұмыс» жүргізілуде.
          Қалай болғанда да, мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйдің жетіспеушілігі адамдарды ипотекалық несие алуға итермеледі.
          Бүкіл әлемде, ипотека – мұны тіпті Европалық өлшеммен қарағанда да, жоғары табысты адамдар үшін тұрғын үй алу мүмкіндігі болып саналады.
          Алайда біздің елде аз мөлшердегі табыстары бар азаматтар бұған баруға мәжбүр болып отыр, нәтижесінде ипотеканың шарттары оларды жоқшылыққа ұшыратып, дүние мүліктерінен айырып және әлеуметтік шиеленіске әкелуде.
          Тіпті, бақуатты деген Европа мемлекеттерінің 60 және одан да жоғары % адамдары мемлекет салып берген және ұсынған жалдамалы пәтерлерде өмір сүреді.
          Сондықтан да ипотекаға ең дұрыс балама тұрғын үй мәселесін мемлекеттік құрылыс есебінен шешу болар еді.
          Алайда бастапқыда осы мақсаттар үшін құрылған ҚазақстанТұрғынүй-Құрылыс корпорациясы тез арада өзінің басымдықтарын өзгертті және құрылысқа тікелей қатысудың орнына бұрыннан келе жатқан мемлекеттік құрылымдардың жұмыстарын қайталап, коммерциялық құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алуға көшті.
          Бірақ мұндай жобалардың шарттары мен бағаларының жеке меншік құрылыс компаниялары үшін тартымдылығы аз, өйткені олар тиімсіздікпен шектесіп отыр.
          Тұрғын үй құрылысын мемлекеттің қаржыландыруының мақсаты сату  және коммерциялық пайда табу емес, өткір әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Қалыптасқан жағдайға орай айтарымыз, саланың мемлекеттік кәсіпорындары жеке компаниялардың тұрғын үйлерін алып-сатумен емес, тұрғын үй құрылысын нарықтық бағадан төмен салуды өз қолдарына алуы керек.
          Басқаша айтқанда бұлжеке меншік құрылыс компанияларының да тұрғын үй бағасын төмендетуіне жетелейді.
          Ал бүгінде тұрғын үй мәселесін шешудің орнына, мемлекеттік органдар тағы бір делдалды мемлекет есебінен шығарып отыр, ал бұдан, осы саладағы мемлекет қатысатын құрылымдардардың барлық қызметі тәрізді, келетін нақты пайда да өте күмәнді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сізден: 
          1. Жыл сайын пайдалануға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлердің санын барынша өсіру жағына  қайта қарауды;
          2. Тұрғын үй құрылыс корпорациясының рөлі мен функцияларын құрылысқа тікелей қатысуы бағытына қарай, соның ішінде мемлекеттік жекеменшіктік серіктестік тетіктері арқылы да, қайта қарауды;
          3. Компанияның алға қойған  мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттің қатысы бар барлық аталған компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметтерінің алға қойған міндеттерге сәйкестігіне тексеру жүргізу; (Тұрғынүйқұрылысбанкісінен басқалары, ол бойынша Президенттің тапсырмасымен тексерулер жүргізілген).
          4. «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы  бойынша кезекке тұрғандар санының өсуі шеңберінде мемлекеттік құрылыс салуды қаржыландыруды көбейтуіңізді сұраймыз.
 
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
Т.Ерғалиев
А.Перуашев
Е.Никитинская
Н.Жазылбеков
М.Қазбекова
А.Тұртаев
С.Қадралиева
А.Әбілдаев