15
Мамыр

Санат жоқ 15.05.2014

«Ақ жол» ҚДП-ның Атырау облыстық филиалы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Біздің есімізде, біз мақтан етеміз!» атты акцияға қатысты

15 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП-ның  Атырау облыстық  филиалының баспасөз қызметі
«Ақ жол» ҚДП-ның  Атырау облыстық филиалы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Біздің есімізде, біз мақтан етеміз» атты республикалық акцияға қатысты. 
Қала көшелеріне, парк пен алаңдарда болып, жас партия мүшелері акция шеңберінде 300-ге тарта ардагерлер мен қала тұрғындарына, қонақтарына лавр лентасын тағып, оларға құрмет көрсетті. Сонымен қатар жастар қанаты мүшелері патриоттық әндер шырқап, Ұлы Жеңіс сарбаздарының ерлігі мәңгілік екенін тілге тиек етті. Шараға жергілікті БАҚ-ы өкілдері де белсене араласты.