14
Мамыр

Санат жоқ 14.05.2014

«Ақ жол» ҚДП-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Ақ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Отырар» облыстық кітапханасымен таныстыру іс-шарасына қатысты

14 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
2014 жылдың мамыр айының 14-жұлдызында «Ақ жол» ҚДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ақ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Отырар» облыстық кітапханасымен студенттерді таныстыру іс-шарасына қатысты.
Іс шара сағат 11.00-де басталып, Шымкент қаласында орналасқан «Отырар» облыстық кітапханасында өтті. Оған қаладағы колледж студенттері қатысты.
«Кітапхана облыс орталығындағы Жаңа алаңда орналасқан. Оған кезінде аты аңызға айналған, біздің жыл санауымыздың алғашқы жүзжылдықтарында өмір сүрген және әлемдегі екінші кітапхана деп танылған «Отырар» кітапханасының аты берілген.
«Отырар» облыстық кітапханасы сәулет өнерінің озық үлгісімен салынған. Кітапханаға «Отырар» атауының берілуі – ел тарихын халық санасында жаңғырту деп бағалануда.
«Отырар» кітапханасы оқырманның талғамына сай жасақталған. Ғимаратта қазір 550 мыңнан астам кітап бар. Жаңадан салынған мәдени кешеннің ерекшелігі – мұндағы залдар техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған. Дербес электронды ресурстар мен интернет залдары жұмыс істеп тұр.